- Advertisement -

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына шетелден көрермен кіргізілмейді

65

- Advertisement -

Жапония билігі Токио қаласындағы жазғы Олимпиада ойындарын шетелдік көрермендерсіз өткізу туралы шешімін қабылдады.

Жапонияның Kyodo News ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Токиода 2021 жылдың жазында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шет мемлекеттерден көрермен кіргізілмейді. Жапония билігі бұл шешімді коронавирустың таралу қаупіне байланысты қабылдап отыр. «Үкімет жапон қоғамының алаңдаушылығы мен көптеген елдерде індеттің бұдан да жұқпалы нұсқаларының анықталу фактісін есепке ала отырып, шетелден жанкүйерлерді қабылдау мүмкін емес деп шешті», — деп жазады агенттік. Еске сала кетсек, Токиода жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support