Бельгияда вакциналау орталығына дейін жол ақысы тегін болады

40

Бельгияның көлік компаниясы ел тұрғындарына вакциналау орталықтарына дейінгі жол ақысын тегін етпек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бельгияда 10 вакциналау орталығының жұмысы ұйымдастырылған. Онда ел тұрғындары COVID-19-ға қарсы вакцинаны тегін ала алады. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап, STIB операторы коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келетіндерді тегін тасымалдайды. Вакциналау орталығына баратын азаматтар көліктегі тексерушілерге вакциналау орталығына бару мен кері қайту үшін берілетін ресми шақыртуды көрсетуі керек. Қазіргі таңда Бельгияда вакцина салдыруға шақыртуды 65 жастан асқан азаматтар алып жатыр. Бұған дейін препаратты қарттар үйлері мен медицина мамандары алған болатын. Пошта мекен-жайына скан-коды бар жеке конверт келеді. Ол вакциналау орталғында көрсету үшін керек. Бельгия үкіметі биылғы жылдың күзінде тұрғындардың 70 пайызына вакцина салуды жоспарлап отыр.

Comments are closed.