- Advertisement -

Ортақ шаңырағымыз өркендей берсін!

140

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айтукүнімен құттықтаймыз!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген бұл күнді барша қазақстандықтар үлкен қуанышпен қабылдаған болатын. Өйткені Алғыс айту күні – барлық қазақстандықтарға арналған, ұлттар бірлігін жаңа деңгейге көтеретін мерейлі мереке.

 Мерекенің басты мәні – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздегі этникааралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.

Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстандағы этносаралық жағдай тұрақтылық және бейбітшілікпен сипатталып келеді десек, бірінші кезекте, өзара келісім мен ауызбіршілікті, мемлекет саясатының жемістілігін көрсетеді. Осы орайда Тұңғыш Президент – Елбасы негізін қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің маңызы зор.

Тәуелсіздік жылдарында ынтымақтастық пен өзара қамқорлық сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенімін қалыптастырды.

Облыста жүзеге асып жатқан «Бейбітшілік пен келісім» жобасы елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болса, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бірлік пен өзара қайырымдылыққа, бауырмалдылыққа негізделген ата-бабаларымыздың ізгі дәстүрі жалғасын тапты.

Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге айрықша мазмұн береді.

Құрметті жерлестер!

Егемен еліміздің бірлігін нығайту мен берекесінеселеу жолындағы игілікті істеріңіз үшінбаршаңызғаалғыс айтамыз!

Келе жатқан Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!

Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан тыныштық пен татулықтың мәңгілік мекені ретінде өркендей берсін!

 

Бердібек САПАРБАЕВ, облыс әкімі

Махметғали САРЫБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support