- Advertisement -

Тараз қаласында тұңғыш рет «Жомарт түлек – 2021» түлектер кездесуі өтті

183

- Advertisement -

Бұл бастама Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасының іс жүзіндегі көрінісі

Форумда Әулиеата өңірінің түлегі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков онлайн байланысқа шығып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Махмұд Қасымбеков Елбасы «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналғанына, оны бірінші болып жақсы ісімен көрсетіп жатқан жамбылдықтарға ризашылығын білдіргеніне тоқталып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа Алғыс айтқанын атап өтті.

Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, саясаткер Өмірбек Байгелдіұлы Жамбыл жерінде өткен «Жомарт түлек – 2021» форумына қатысып, тәуелсіздіктің елең-алаңындағы қиын-қыстау кезеңді тілге тиек етті. Тоқырау кезеңінде экономиканы дамытудың бір жолы – миллионнан астам қойды жеке иеліктерге таратып беру болғанын айтты.

*   *  *

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай облыстық «Aq jol» газеті «Отыз жыл – отыз белес» атты жаңа айдар ашып, жаңа жобаны қолға алып, тарихшы ғалым Сейдахан Бақторазовтың сараптамалық-циклдық мақалаларын беруді бастаған болатын.

Циклды мақалардың екіншісі «Біз қандай кезеңдерден өттік?» деген тақырыппен жарық көріп, онда автор облыстың ең алғашқы әкімі – Өмірбек Байгелдінің жеке шаруашылықтарды дамытудың тың әдісін тәжірибеге енгізгенін атап өткен-ді.

«… облыстық статистика және талдау жөніндегі басқарманың мәліметтері бойынша 1991  жылы әр жүз саулықтан 89-дан қозы алынса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 92-ге жетіпті. Бұл – облыс шаруашылықтары Ө.Байгелдиевтің әдісі бойынша қой шаруашылығын жекешелендіру бағытында  отар иелеріне жарты миллион бас қойды жеке иеліктерге бергеннен кейінгі нәтиже. «Мал баққанға бітеді» деген осы.

Мал шаруашылығының басқа салаларында да даму мен өнім өндіруді арттыру тенденциялары айқын байқалады. Колхоздар мен совхоздарда 1992  жылдың қаңтарымен салыстырғанда ет өндіру 568 тоннаға, яғни 19,04 пайызға артқан» Мақаладан үзінді.

*   *  *

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен тұңғыш рет Тараз төрінде өткен «Жомарт түлек – 2021» форумында онлайн жүйе арқылы Мәскеуден байланысқа шыққан Богдан Загрибельный мен АҚШ-тан сәлем жолдаған Қайрат Әшім – Жамбыл жерінің бір жылғы түлектері.

Тараз қаласындағы № 1 гимназияның шәкірті Богдан бүгінде М.Ломоносов атындағы МГУ-дың магистранты.

Ал АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы ең үлкен компанияда программист болып жұмыс істейтін Қайрат облыс орталығындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының түлегі. Әлемдегі ең үздік саналатын технологиялық университет – МІТ-ті (Массачусетск технологиялық институтын) 2017 жылы үздік бітірген.

Екеуі де 2012-2013 жылдары өткен Халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын, қола медальдарды жеңіп алып, олжа салған.

Екеуінің де арманы – әлемдік білім-ғылым, технология саласындағы озық тәжірибені үйреніп, елге еңбек ету.

Қазіргі заман – ақпараттық технологиялардың ғарыштық жылдамдықпен даму дәуірі екені белгілі. Богдан Загребельный ХХІ ғасыр сондай-ақ бұл – биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезеңі дейді. Сондықтан жас талапкерлерді химия-биология, вирусология мамандықтарына ден қойып, елдің қауіпсіздігін сақтауға үлес қосуға шақырды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Богданға биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қордайда биофармацевтикалық зауыт салынып жатқанын айтып, магистратураны аяқтаған соң, елге келіп қызмет етуге шақырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support