- Advertisement -

145 мың медициналық дәрі қобдишасы беріледі

112

- Advertisement -

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу деңгейін төмендету мақсатында маусым айына дейін 145 мың медициналық дәрі қобдишасы табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін жеткізілетін болады.

Медициналық дәрі қобдишаларын сатып алуға қаражат Азия даму банкінің гранты есебінен бөлінетін болады. Дәрі қобдишаларын БҰҰДБ арқылы сатып алу болжанып отыр.

Жиынтықтардың құрамын Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Дәрі қобдишаларын алушыларға жеткізуді қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады.

Бұл шара материалдық жағдайы қиын, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың экономикалық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10 шілдесінде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы табысы аз отбасыларды коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дәрі-дәрмектермен және алғашқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support