Денсаулық

Бұлдырық құсты атам деп...

Бұлдырық құсты атам деп...

Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен күздік аңшылық маусымының ашылуына байланысты облыс әкімдігінің ТПРБ орман қорғау жедел қызметі инспекторлары және АІІБ қызметкерлерімен бірлесе рейд жүргізілді. Рейд барысында Ақжар ауылы арқылы өтетін жиек маңындағы «Ақжар» бекеті қасында А. есімді азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатып, тексергенде жүк салғыштан «Қызыл кітапқа» енген 10 бұлдырық құсы табылды. Бұл құстарды ол осы ауылдағы Темірбек су бекеті маңындағы орылған бидай егісінің орнынан атып алғаны анықталды. Аңшының осы әрекетінің салдарынан мемлекетке 1 852 000 теңге шығын келтірілген. Осы факті бойынша аудандық прокуратура А-ның үстінен Қылмыстық кодекстің 290-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Шығын да одан өтелуге жатады. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін жою қылмыстық істі тудыратынын ескерткіміз келеді.

Еркін Матжанов, аудан прокурорының көмекшісі.

Байзақ ауданы.