- Advertisement -

Әдістемелік сабақ

53

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында әскери бөлімдер мен мекемелердің техникалық бақылау пунктінің бастықтарымен әдістемелік сабақ өтті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы Бас басқармасы бастығының жоспарындағы талаптар негізінде, Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскери автокөлік полиция бөлімшесінің бастығы майор Еркін Игісінов гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердегі ішкі парк қызметін ұйымдастыру кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша айлық іс-шаралар өткізді.

Шара барысында әскери бөлімнің көлік құралдарын пайдалануға жауап беретін лауазымды тұлғалармен, парк бойынша кезекші болып түсетін әскери қызметшілермен, техникалық бақылау пункті бастықтарымен көлік құралдарын пайдалану, көліктерді рейске шығарудың тәртібі және парк бойынша кезекшінің іс-қимылы бойынша тәжірибелік көмектер көрсетіліп, сабақ өткізілді.

Техникалық бақылау пункті бастықтарымен жол қозғалысы ережелері мен қолданыстағы құжаттарының талаптары бойынша сынақтар қабылданып, оларға техникалық бақылау пункті бастығының куәлігі берілді.

Сабақ барысында тыңдаушылар білім деңгейін арттырып, тиісті мәліметтер алды. Олар қызмет барысында кемшіліктерге жол бермей өз міндеттерін сапалы атқарады деп сенемін, — деді майор Еркін Игісінов.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support