- Advertisement -

Кәсіподақ басшылар үшін емес, жұмысшылар үшін керек

90

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы металл және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында болып, жұмысымен танысты. Соңғы жылдары облысымызда металл өңдеп шығаратын ірі өнеркәсіп орындарының қуаты артып келеді. Соның бірі «Тараз металлургия зауыты» ЖШС.

Б ү г і н д е м е т а л л у р г и я з ау ы т ы өнім сапасына баса назар аударған. Серіктестіктің бас директоры Ғабит Сұлтанқұловтың айтуынша, зауытта металл өнімінің екі түрі, ферроқорытпа немесе ферроцен және электронды масса шығарылады. Зауыттың жалпы қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда зауыт қуаттылығы 80 пайызға жұмыс істеп тұр. Онда мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт өнімін жыл сайын екі есеге арттыру көзделіп отыр. Былтыр 34500 тонна ферроқорытпа өндірілсе, биыл оның көлемін 37 мыңға, ал электронды массаны 66 пайызға жоғарылату жоспарланған. Ө н і м н і ң б а с ы м б ө л і г і э кс п о р т қ а шығарылады. Оның басым бөлігін Ресей нарығы құрайды. Бұдан бөлек, Қырғыз бен Өзбекстан мемлекеттеріне сатылуда. Ендігі кезекте өнімін Түркия мен Оңтүстік Корея мемлекеттеріне шығару жоспарлануда.

Жыл санап жұмысшы саны артып келеді. Былтыр жаңадан 100 жұмыс орны ашылса, биыл 53 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Жұмысшылардың орташа жалақысы 135 мың теңгені құрайды. Бір атап өтерлігі, бұл зауыт Қ а з а қ с т а н н ы ң 3 0 ко р п о р а т и в т і к көшбасшысы бағдарламасының өндірістік инвестициялық жобалардың базалық тізбегіне енгізілген.

– Біз жұмысшыларымыздың жағдайын карантин кезінде де есімізден шығарғанымыз жоқ. Жұмысшыларымызға өткен жылы 20 миллион теңгенің демеушілігін көрсеттік. Тараз қаласы әкімдігі індет кезінде жұмысшыларды тасымалдауға автобус бөліп, көмек көрсетті. Соның арқасында зауытт а бірде-бір жұмысшы індет жұқтырмады. Барлық қызметкер өз жұмыс орнында болып, өнім көлемін арттыруға өз үлестерін қосты. Сондай-ақ үшемді дүниеге əкелген зауыт жұмысшысына жеке пəтер сатып əперіп, қолдау көрсеттік. Дегенмен проблемаларымыз да жоқ емес. Бүгінде Ресейден келетін шикізат бағасы жоғарыласа, темір жол тасымалы 20 пайызға көтеріліп кетті. Осыған қарамастан өндіріс көлемін тоқтатқанымыз жоқ. Маман тапшылығын қолдан келгенше шешудеміз. Былтыр шет мемлекеттен келген технологтарды биыл өзіміз дайындаған жастар алмастырды. Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеп, маман тапшылығын шешудеміз, – деді зауыт директоры Ғабит Әлжапарұлы.

З ау ы т т ы ң б а с т ау ы ш к ә с і п од а қ ұйымының төрағасы Мұхтар Рамазанов та атқарылған тірліктерді баяндап өтті.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұжымдағы еңбек заңдарының сақталуын бақылауда ұстауы тиіс. Ұжымдық келісімшартсыз жұмыс істеуге болмайды. Орташа еңбек жалақы 135 мың теңге, ол аз. Жалақыны жылда кем дегенде 10 пайызға көтеріп отыру қажет. Өзіміздің мамандарды дайындау туралы жақсы айттыңыз. Шынында шетелден мамандар тарту қымбатқа түседі. Одан кейін олардың жандары ашымайды. Сол үшін өзіміздің жастарды қолдап, соларды өсіру керек. Еліміздің алдыңғы оқу орындарымен байланыс орнатқандарыңыз құптарлық іс екен», – деді өңір басшысы Бердібек Машбекұлы.

Ал облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов зауыттың бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыру керектігіне тоқт а лды. « К ә с і п од а қ б а с ш ы л а р ү ш і н е м е с , жұмысшылар үшін керек» деген төраға мекемедегі кәсіподақтың рөлін көтеруге салалық кәсіподақ мүшелері келіп көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Жиынның қорытындысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмысшылар санын пандемия жағдайында қысқартуға болмайтындығын айтты. Жиын барысында түскен сұрақтарға жауап беріп, компания басшылығы, бастауыш кәсіподақ ұйымы мен облыс әкімдігі арасындағы үш жақты меморандумға қол қойды.

Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев «ТаразКожОбув» ЖШС ұжымымен де кездесті. Серіктестіктің ерекшелігі – өндірісті кез келген тапсырыс берушінің тапсырысымен бейімдей алады. Ол үшін барлық зауыттың қажетті техникалық және шикізат базасы бар. Аяқ киім фабрикасы брезентті жұмыс аяқ киімін шығаратын цехтардан, хромнан жасалған ерлер аяқ киімін тігетін аяқ киім шеберханасынан, аяқ киім шығаруға дайындық цехтарынан тұрады. Австрия, Чехия және Италияда жасалған заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Аяқ киім фабрикасы армияға, құқық қорғау органдарына, күзет және құтқару қызметтеріне, әртүрлі өндірістік және өндірістік кәсіпорындардың жұмысшыларына арналған тырнақты және инъекциялық әдіспен бекіту аяқ киімін шығаруда.

Зауыт директоры Еркебұлан Ералының айтуынша, алпыс жылдық тарихы бар зауытта кеңес одағы тұсында 6 миллион пар аяқкиім шығарылыпты. Өткен жылы фабрикада 125 мыңнан аса пар аяқкиім тігілген. Онда екі жүзге жуық адам еңбек етуде. Олардың 70 пайызын әйелдер құрайды. Бұдан бөлек, 10 мүмкіндігі шектеулі азаматты тұрақты жұмыспен қ а м т ы ғ ан . Жұ м ы сшы л а р 5 0 п ай ы з жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтылған. Тапсырыс болса, мекеме қызметкерлері үш ауысымда да жұмыс істеуге дайын.

Фабрикада биылдан бастап əйелдер аяқ киімдерін тігу қолға алынбақ. Кеңес одағы кезінде əйелдердің етіктері одақ көлемінде ғана емес шет мемлекеттерде үлкен сұранысқа ие болған еді. Ендігі кезекте фабрика сол беделін қайтару үшін жұмыс істеуде. Оған қажетті құрал- жабдықтар да алынған.

«Біз үшін өндіріс ошағының жұмыс істегені жақсы. Әсіресе жеңіл өнеркәсіп саласы. Кезінде одаққа белгілі болған кәсіпорын жанданып келеді. Жаңа фабриканың цехтарын аралап көрдім. Көп жұмыс атқарылыпты. Енді қой мен мүйізді ірі қара терісін өңдеп, одан жақсы аяқ киім тігуді де бастап кетіпсіздер. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға мән беріп отыр. Соның ішінде жеңіл өнеркәсіпті көтеру маңызды. Сондай-ақ кәсіпорындарда кәсіподақ ұйымы құрылып, солар арқылы әлеуметтік бағытта мекемені қалыптастырған да дұрыс», – деді Бердібек Машбекұлы.

Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Шамухтар Шаюнусовтың есебі тыңдалды.

Жиын соңында Бердібек Сапарбаев фабрика жұмысшыларының қойған сұрақтарына жауап беріп, үш жақты ұ ж ы м д ы қ к е л і с і м ш а р т н е г і з і н д е дайындалған меморандумға қол қойды.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support