- Advertisement -

Томириске бас жүлде бұйырды

184

- Advertisement -

Жүз жыл жырлаған жүрек иесі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай еліміздің әр қиырында түрлі іс-шаралар қолға алынғаны баршаға мәлім. Сондай іс-шаралардың бірі Алматы қаласында өтті. «Талантты жастар» продюсерлік орталығы ұйымдастырған «Жамбылдың әсем жырлары» атты халықаралық өнер және білім байқауына талантты оқушылар қатысты. Олардың қатарында Тұрар Рысқұлов ауданындағы М. Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Томирис Оразалиева да бар.

«Вокал» аталымы бойынша сынға түскен ол қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, өнер додасының бас жүлдесін иеленді. Жеңімпаз шәкіртті дайындап апарған ұстазы Қабыл Базарбек те бұл байқауда арнайы дипломға ие болды.

«Томирис негізі фортепиано сыныбында оқиды. Вокал бойынша тұрақты түрде менің сыныбымда қатысып тұрады. Бұл қыздың мүмкіндігі өте жоғары, сондықтан көп жұмыс істеуіміз керек. Менің бір ұтқаным – Томиристің өз даусын тауып бергенім. Ол төменгі ноталарды қиналмай еркін алады. Әдемі орындайды. Қазыларды да қызықтырған осы ерекшелігі шығар деген ойдамын. Жалпы, шәкіртімнің болашағы зор екеніне шүбәм жоқ», – дейді Қабыл Базарбек өз ойымен бөлісіп.

 

Аят АСҚАРБЕКҰЛЫ,

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік

университетінің студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support