- Advertisement -

Ерлікпен қаза болғандар мәңгі есте

67

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуына 32 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында мемлекеттік әнұранымыз шырқалып, гарнизон қалашығында орналасқан 1979-1989 жылдары Ауғанстан жерінде ерлікпен қаза болғандарға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ, бір минуттық еске алу үнсіздік жарияланды. Салтанатты шараға гарнизон бастығы, әскери бөлім командирлері, мекеме бастықтары, Ауған соғысының ардагерлері мен Ауған соғысында қаза болғандардың отбасы мүшелері қатысты.

«Біз бүгін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнін атап өту құрметіне орай салтанатты іс-шара өткіздік. Ауған соғысында ерлікпен қаза болған батыр ағаларымызды біз ешқашан ұмытпаймыз. Әскери борышын орындау кезінде өмірін қиған адамдар туралы әрқашан есте сақтау қажет. Бұл тарихи жағдай ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жалғасуға тиіс», — деді 40-шы «Отар» Әскери базасының бастығы полковник Талғат Оразәлиев.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support