- Advertisement -

Екі мың жыл жасаған шаһардың шамшырағы

125

- Advertisement -

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегенді Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов текке айтпаса керек. Өңір баспасөзінде ойып тұрып орын алған басылымдардың бірі – Тараз қалалық «Jambyl-Taraz» газеті. Облыс орталығының бас басылымы алғаш рет 1996 жылдың 16 ақпанында жарық көрген. Қалалық газетті белгілі журналист Көкен Оршабеков 9 жыл басқарып, шаһардың ақпарат айдынының шамшырағына айналдыруда талмай тер төккені өткен күн парақтарынан мәлім. Сондай-ақ басылымда Сапарғали Әлібай, Жамбылбек Шоқыбасов, Сәуле Сейдахметова бастаған өзге де көптеген журналистер еңбек еткен болатын. Қалалық басылымның директор-бас редакторының міндетін уақытша марқұм Болат Бекжанов, қаламы ұшқыр Ерман Әбдиев атқарғанынан да хабардармыз.

Қысқасы, бүгін қалалық газеттің ақпарат айдынына ресми түрде қосылғанына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр бедерінде редакция қызметкерлері ақпаратты оқырманға жедел жеткізіп, өткір мақалаларымен көзге түсіп, оқырмандарының алғысына бөленіп келеді. 25 жасқа толған ұжымда бүгінгі таңда 21 адам еңбек етеді. Газеттің бүгінгі директор- бас редакторы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Мыр зағалидің жетекшілігімен қазақ және орыс редакциясының қызметкерлері пандемия кезінде де оқырманға сапалы мақалаларды ұсынудан танған жоқ. Онымен қоса директор-бас редактор жас қызметкерлердің жаңашылдыққа толы идеяларын ұтымды түрде іске асыруда еш аянып қалған емес. Бүгінде газеттің электронды нұсқасын, сайтын, әлеуметтік желідегі парақшаларын көрсеңіз, қалалық басылым қызметкерлерінің тынымсыз еңбектен бір сәтке де қол үзбегенін бірден байқайсыз.

– Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын «Кітап оқып, миллионер бол!» атты жобаны қолға алдық. Бұл бастамамыз мыңдаған оқушыларды қамтыды. Оқырмандар тарапынан қызу қолдау т апты. Ал өткен жылы жетінші рет «Тәуелсіздік дастарқанын» жайып, азаттық үшін құрбан болған тұлғаларымыздың рухына құран бағыштадық. Талай сықақшы шыққан Тараз төрінде сатира жанрына қайта жан бітірейік деген ниетпен «Қырық өтірік» байқауын ұйымдастырып, Тазша баланы Тараздан тапқанымызды оқырман жақсы біледі, – деді Эльмира Мырзағали газеттің ардагер авторларымен кездесу барысында.

Жалпы, қалалық газеттің дизайны бүгінгі уақыт талабына сай. Басылым басшысы негізінен жас таланттарды жұмысқа алып, оларды қанаттандырудан танған емес. Содан да болар, талантты ақын Арайлы Жақсылық, жас тілшілер Арайлым Шәбденова, журналист Құралай Сейсенбекқызы, Сәндібек Піренов бастаған өзге де қазақ, орыс редакциясындағы әріптестеріміз мазмұнды мақалаларымен, креативке толы идеяларымен елдің көңілінен шығып жүр. Ең бастысы ұжымдағы ы н т ы м а қ п е н б е р е ке — б і р л і к ке көз сүйсінеді. Бүгінде облыстық, республикалық газеттерде еңбек етіп жүрген көптеген журналистер кезінде осы қалалық басылым қабырғасында қаламын ұштағанын да айта кеткен ләзім.

Қысқасы, қалалық газеттің отын лаулатып отырған әріптестеріміздің еңбегі қай кезде де ересен. Қаламының қарымы мен дүниетанымы қалыптасқан журналистер мен жаңашыл жастар топт асқан ұжымның алар асуы әлі алда екені сөзсіз. Өйткені олар жаңа жобалармен оқырмандарын таңдандырудан танбайды. Ендеше, туған күніңмен, «Jambyl-Taraz»! Мереке құтты болсын әріптестер дегіміз келеді.

Табиғат Абаилдаев

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support