Жаңалықтар

Жәрмеңкелер ақпанның соңына дейін жалғасады

Жәрмеңкелер ақпанның соңына дейін жалғасады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар сауда орындарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасымен танысты. Қазіргі таңда облыс орталығында 13 әлеуметтік дүкен бар. «Бәйтерек» шағын ауданында орналасқан сондай дүкендердің біріне аймақ басшысы арнайы бас сұқты. Ондағы бағалар нарықтағыдан едәуір төмен. Бұдан соң Бердібек Сапарбаев коммуналдық базарға атбасын бұрып, сатушылармен әңгімелесті. «Grand bazar» сауда кешеніндегі ауыл шаруашылығы тауарларының қысқы жәрмеңкелері облыс орталығының тұрғындарының көптен бері қызығушылығын оятып үлгерген. Бұл жолғы жәрмеңке барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала басшысы Айтқазы Қарабалаев тауарлар ассортиментімен танысты. Кезекті жәрмеңкеде Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарының, тараздық тауар өндірушілері, «Алқаптан сөреге дейін» жобасының қатысушы – жеке кәсіпкерлері, сондай-ақ облыстың тұрақтандыру қоры қалалықтарға өз өнімдерін ұсынды. Облыс әкіміне Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дархан Егеубаев Тараз сервис және технологиялар колледжінің оқу-өндірістік шеберханасында дайындалған жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдерді таныстырды. Бердібек Сапарбаев нан өнімдерін сатып тұрған колледж студенттерін әңгімеге тартты. Жастар бір-екі сағаттың ішінде-ақ өз тауарларының жартысын сатып үлгергендерін жеткізді. Аймақ басшысы жәрмеңкеге қатысушыларға халыққа ұсынылатын тауарлардың сапалы, ал бағасы қолжетімді болуы тиістігін ескертті. Мұнда жалпы құны 8,5 млн. теңге болатын 56,9 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері өткерілді. Атап айтқанда 4,1 тонна ет, бір тонна шұжық, үш тонна сүт өнімдері, тоғыз мың жұмыртқа, 0,5 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна макарон, төрт тонна қант, сегіз тонна ұн және 29,3 тонна жемістер мен көкөністер сатылымға шықты. А й т а к е т у к е р е к , м ұ н д а й жәрмеңкелер ақпан айының соңына дейін жалғасады. Келесі сенбіде Байзақ және Жуалы аудандарының шаруалары өз өнімдерін ұсынатын болады.