- Advertisement -

«Су тасқыны болуы мүмкін» деген ақпарат қаншалықты рас?

160

- Advertisement -

 

Әлеуметтік желілерде «Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін су алу қаупі бар» деген ақпараттар тарауда. Мәселенің мәнісін анықтау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Талғат Айтбаевқа хабарласқан едік.

– Талғат Шакенұлы, әлеуметтік желілердегі «облысты су басу қаупі бар» деген ақпарат қаншалықты рас, жалпы су тасқынының алдын алу мақсатында қандай жұмыстар жүргізілді?

– Департамент тарапынан ауа райының қолайсыздығы салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың, басқа да табиғаттың тосын мінезінен орын алатын қауіп-қатердің алдын алу туралы жүйелі түрде хабарланып тұрады. Ал мына ақпаратта негіз жоқ. Су тасқынының алдын алуда атқарылған жұмысқа келер болсақ, 2020 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың қаңтар айы аралығында облыст а жалпы ұзындығы 396,7 километр болатын 95 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары шеңберінде 142 километр дренаждық және суару каналдары тазартылды,109 километр арық желісі мен темір жол және автомобиль жолдарында 3 2 5 к ө п і р , 6 1 г и д р от ех н и ка л ы қ құрылыстар мен реттеуші құрылғыларға жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда облыс аумағында орна ласқан 19 гидротехникалық құрылғылар ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыған орай, 2021 жылы 7 гидротехникалық құрылғыларды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттен 71 400 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

– Бетін аулақ қылсын, дегенмен су тасқыны бола қалған жағдайда оған тосқауыл қоюға дайындығымыз қандай?

– М а т е р и а л д ы қ — т е х н и к а л ы қ құралдардың қажетті қоры құрылды, оның ішінде 136,5 мың тонна жанар- жағармай материалдары, 10740 тонна инертті материал, 59226 данадан астам қап дайындалды. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінде төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға 449,9 миллион теңге, шұғыл шығындарға 466,9 миллион теңге резерв қарастырылды. Биылғы 1 ақпанда көктемгі су тасқынының апатсыз режимде өткізу төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырыстарында қаралды, оның қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға тиісті тапсырма берілді.

– Гидротехникалық нысандардың ахуалы қандай?

– Биылғы 2-5 ақпан аралығында облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының меншігіндегі 1 2 г и д р о т е х н и к а л ы қ н ы с а н ғ а комиссиялық тексеру жүргізілді. Жалпы, барлығының техникалық жағдайы қанағаттанарлық.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің биылғы 29 қаңтардағы «2021 жылғы көктемгі кезеңдегі тасқын сулардан халықты және облыс аумағын қорғау жөніндегі шаралар туралы» бұйрығына сәйкес, күштер мен құралдар топтамасына 616 адам, 50 бірлік техника, 10 жүзу құралы, 4 аспалы мотор және 30 мотопомпа енгізілді.

– Судан, оттан, басқа да қауіп- қатерден аман болайық, әңгімеңізге рақмет!

 Сұхбаттасқан  Амангелді ӘБІЛ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support