- Advertisement -

Елдің бәрін екпенің денсаулыққа әсері толғандырады

57

- Advertisement -

Бүгінде коронавирус індетіне шалдыққандар саны күн санап артып келеді. Тіпті кезіндегі іргедегі індет аз ғана уақыттың ішінде ақырын адымдап, ауылдықтардың арасында да кеңінен тарала бастады. Расын айту керек, дәл осы кеселге қатысты ақпараттың дені дүрбінің екінші жағы секілді, көз алдыңа көпті аз қылып, азды көп қылып көлбеңдете қояды. Оның үстіне ауру көрсеткіші күн сайын көбейіп жатқандықтан, жергілікті тұрғындар вирус жұқтырғандардың санын нақты біле бермейді. Сол себепті де, қазіргі кездегі аудандағы эпидемиологиялық ахуалды және вакцинация жұмыстарының жайын білу мақсатында Шу аудандық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Мұрат Сәулебаевпен сұхбаттасқан едік.

– М ұ р а т М а й о р ұ л ы , ө ң і р і м і зд е ко р о н а в и рус қ а қарсы вакцинация жұмыстары б а с т а л ы п к е т т і . А л Ш у ауданындағы ахуал қалай?

– Бұл бағыттағы жұмыстар Шу ауданында да басталды. Қазіргі кезде ауданымыздағы санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау б а с қ а рм а с ы н ы ң м а м а н д а р ы аудандық ауруханадағы вакцина салатын орынның санитарлық талаптарын жіті қадағалауда. Сонымен бірге ауруханадағы вакцинаға арналған жылжымалы стационарлық мұздатқыштағы санитарлық талаптарды тексеру де біздің құзырымызға кіреді. Ж а л п ы а й т қ а н д а в а к ц и н а салудың санитарлық талаптарын қ а д а ғ а л а й м ы з . Е л д і ң б ә р і н тол ғ а н д ы р ат ы н ы – е к п е н і ң денсаулыққа әсері. Егер де біздің мамандар санитарлық талапты д ұ р ы с т е кс е рм е с е , ва к ц и н а салдыру кезінде адам ағзасына түскен болар-болмас инфекцияның өзі денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан біздің қызметкерлер бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң қадағалайтын б ол а д ы . Е к п е қ а б ы л д а й т ы н адамның денсаулығын тексеруден өткізіп, қан қысымы мен дене қызуын тексеретін дәрігердің де жұмысын қадағалайтын боламыз.

– Ш у а у д а н ы і н д е т жұқтырғандардың көрсеткіші бойынша көш бастап тұрғанын естідік. Жалпы, аудандағы жағдай қай деңгейде?

– Иә, қазіргі кезде Шу ауданында коронавирус дерегі едәуір артып отыр. Нақтырақ айтсам, жыл басынан бері 43 адам коронавирусқа шалдыққан. Оның ішінде 32 адам Шу қаласынан анықталса, қалған 11 адам аудан орталығының іргесінде орналасқан Белбасар, Көктөбе, Сауытбек, Қонаев, Бірлікүстем сынды ауылдардан тіркелген. Індет жұқтырғандардың жас ерекшеліктеріне келер болсақ, 14 жасқа дейін – 3, 19 жасқа дейін – 1, 20-29 аралығында – 5, 30-39 аралығында – 7, 40-49 аралығында – 7, 50-59 аралығында – 6, 60-69 аралығында – 5 және 70 жастан асқандар арасында 6 адам коронавирус жұқтырған. Мына статистикаға қарап, індет жас таңдамайтынын аңғаруға болады. Қазіргі таңда облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы б а с ш ы с ы н ы ң б ұ й р ы ғ ы н а сәйкес, ауданда коронавируспен а у ы р ғ а н д а р ғ а а р н а л ғ а н провизорлық стационар ашылды. Осыған байланысты, жыл басынан бері індет жұқтырғандар аудан аумағында ем қабылдауда. Мұндағы стационар 60 адамға арналған.

– Аудандағы мониторингтік топтардың жұмыс қарқыны қалай? Білуімізше, негізгі салмақ осы кісілерге түседі екен.

– Иә, карантин талаптарын бұзу дерегін анықтау бойынша негізгі жұмысты мониторингтік топтар атқарады. Өткен жылы мұндай топтар ауданда қарқынды жұмыс жүргізді. Ал биыл жыл басынан бүгінгі күнге дейін мониторингтік топтың тарапынан екі дерек анықталды. Екеуі де азық-түлік дүкендерінде орын а л ғ а н . А й т а ке т е т і н ж а й т, сауда орталықтарының иелері сатушыларға барлық жағдайды жасаған. Алайда сатушылардың ө здер і с ан и т арл ық т а л ап т ы орындамай отыр. Сондықтан тек сатушыға ғана шара қолданып, айыппұл салдық. Жалпы аудан бойынша қазір 5 мониторингтік топ белсенді жұмыс атқаруда. Қазіргі кезде айыппұл салу екі түрлі тәсілмен жүзеге асуда. Б ы л т ы р ғ ы т ө т е н ш е ж а ғ д а й кезінде карантин талаптарын бұзу деректерін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап, бізге өткізетін. Өткен жылы бас санитардың 5 шілдедегі 78-бұйрығына сәйкес, үйлестіру орталығы құрылды. Осылайша, мониторингтік топтың тарапынан анықталған деректердің барлығы да дәл осы үйлестіру орталығына жеткізілетін болды. Ал аталған орталықтың құрамын жергілікті атқарушы билік, яғни аудан әкімі бекітеді. Біздің мекеме осы орталықтың дерегі бойынша айыппұл салады. Бұл бағыттағы жұмыстар ең бірінші Шу ауданында қолға алынды. Нәтижесінде, өткен жылы үйлестіру орталығы арқылы бізге 16 дерек түсіп, 20 айыппұл салынды. Негізінен, бұл жүйе өте ыңғайлы ойластырылған. Соның арқасында сыбайлас-жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл қойылып отыр.

– Ә у е л г і д е ж а с ы р ы н түрде той жасап, айыппұл арқалағандардың қатары қалың болғаны белгілі. Қазіргі кезде той-томалақ тыйылды ма?

– Расын айту керек, өңірімізде мейрамханалардың көптігі жағынан Шу ауданы алдыңғы қатарда тұр. Бастапқыда мейрамханалардың есік-терезесін қымтап, тойды түс мезгілінде жасайтындар көп болды. Нақты іс-шаралардың нәтижесінде олардың басым бөлігіне шара қолданылды. Тіпті Шу қаласындағы «Қазақстан» мейрамханасында екі мәрте той жасау дерегі анықталып, т о й и е с і м е н м е й р а м х а н а қожайынына айыппұл салдық. Сондай-ақ қаладағы «Ореке» мейрамханасында да той иелері мен мейрамхана иесіне айыппұл салдық. Соңғы кезде рейдтік жұмыстардың арқасында той жасайтындардың саны едәуір азайды. Бүгінгі таңда бас санитардың 67-қаулысына сәйкес, дүкендердің жұмыс істеу уақытына шектеу қойылмаған. Ал асхана мен кафелерге таңғы 7.00- ден түнгі 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ерғали ҚАРТАЙҒАН.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support