- Advertisement -

Жиырма мыңғы жуық жұмысшының жалақысы 26 пайызға өсті

81

- Advertisement -

Өндірістік процестер мен қызмет көрсету саласының қарқынмен дамып, жаңа кәсіптердің, салалар мен қызметтердің пайда болуына байланысты еңбек заңнамасы да тұрақты түрде реформаланып келеді. Заң – еңбек адамының құқығын қорғауы тиіс. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жұмысшылардың кәсіпорындар мен мекемелерге арыз-шағымын, талап-тілегін кездестіріп жатамыз. Осы орайда, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевпен сұхбаттасуды жөн санадық.

– Қайрат Әскербекұлы, егемен ел болғалы бері еңбек қатынастары с аласындағы заңнамалар мен заң талаптарына бірқатар өзгерістер мен жаңашылдықтардың тұрақты түрде енуіне куә болудамыз. Оның себебі неде және ауқымды өзгертулер неше рет орын алды?

– Тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңінде Кеңес Одағынан қалған еңбек туралы заңдар қолданыста болды, оның жаңа экономикалық ж а ғ д а й д а , я ғ н и к ә с і п о р ы н д а р д ы ң жекеменшікке өтіп, бәсекелестік ортаның қалыптасуы уақыт талабына сай, еңбек қатынастарын реттейтін жетілдірілген заңнаманы қабылдау қажет екендігін көрсетті.

Нәтижесінде, 2000 жылғы 1 қаңтардан баст ап Қазақст ан Ре спубликасының «Еңбек туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Осы 109-баптан тұратын «Еңбек заңы» еңбек қатынастарын реттеу саласына көп өзгерістер алып келді, алғаш рет «жеке еңбек шарты» және «жұмыс беруші» деген ұғымдар пайда болды. Бұл заң сол кездегі экономикалық дамуымыздың сатысына сай келді, бірақ экономикамыздың одан әрі өркендеуі, халықаралық қатынастардың дамуы, еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылуы, еңбек заңнамасын одан әрі жетілдіруге итермеледі және еңбек қатынастарын заман талабына сай реттеу жалданып жұмыс атқаратын азаматтарымыздың құқықтарын қорғауға тікелей қатысты болғандықтан, 2007 жылы құқықтық актілер иерархиясы бойынша жоғары сатыдағы «Еңбек туралы Кодекс» қабылданды. Осы Кодекспен еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік мәселелері және еңбек қатынастарына байланысты басқа да мәселелерді реттеу қарастырылды.

2015 жылғы 23 қарашада жаңа «Еңбек кодексі» қабылданды, жаңа «Еңбек кодексін» қабылдаудың негізгі мақсаты: бір жағынан – әлеуметтік қорғау мен әділдіктің, екінші жағынан экономикалық тиімділіктің арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті сақтау. Уақыт өте келе, 2020 жылдың 4 мамырында ҚР Президенті «Еңбек кодексіне» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойып, ол 16 мамырдан қолданысқа енгізілді, сөйтіп еңбек қатынастарын мемлекеттік және шарттық реттеудің ұтымды үйлесімділігіне қол жеткізілді.

– Дегенмен жекелеген жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын орындамай, жұмыскердің еңбек құқығын бұзу фактілері де өкінішке орай жоқ емес. Осы жайында не айтасыз?

– Бұл тұрғыда ақпарат ретінде айтып өтер болсақ, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен 454,9 миллион теңгенің жалақы қарыздары өндіріліп, 4139 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

Жалақы қарыздары «Амангелді ГӨЗ», «Меркі қант зауыты», «Жамбыл Недр» «Khan Tau Minerals», «Жандос и К» кәсіпорындарында орын алған.

Одан бөлек, еңбек инспекторларымен осы мерзімде 30 жеке және заңды тұлғаның арыз- шағымдары қаралып, нәтижесі бойынша 109 еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталып, заң бұзушылықты жою туралы 46 нұсқама, жалпы құны 5,7 миллион теңгені құрайтын 35 айыппұл салынған.

Ал 65 тұлғаның өтініші бойынша жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында туындаған даулар татуласу арқылы шешімін тапты.

– Е ң бе к қ ат ы н а с т а р ы н р е т т еу саласындағы өзекті мәселелердің бірі – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі екені белгілі. Осы орайда, облыс кәсіпорындарында қауіпсіздік қамтамасыз етілмеу салдарынан адам шығыны болды ма?

– Өткен 2020 жылы облыста 34 жазатайым оқиға орын алып, оларда 41 адам зардап шексе, оның 5-і адам өлімімен аяқталып отыр.

Бұл орайда, басқармамен әрбір жазатайым оқиға мен жұмысшының алған өндірістік жарақаты арнайы тергеп-тексеру арқылы қаралып, оқиғаның мән-жайы анықталады.

Тәжірибе көрсеткендей, жазатайым оқиғалардың басым көпшілігі жұмыскердің қарапайым еңбек қауіпсіздігі шараларын сақтамай, салғырттық танытуы мен өрескел абайсыздығы салдарынан орын алып жатады.

Өткен жылы жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу және төмендету мақсатында 84 іс-шара ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 386 мақала, хабарлар мен әртүрлі посттар, түсіндірмелер жүргізілді.

– Б ұ л ж ұ м ы с т а р қ а н ш а л ы қ т ы нәтижесін берді?

– Әрине, алдын алу бағытындағы басқарма жұмысының нәтижесінде 2020 жылы орын алған жазатайым оқиғалар саны 2019 жылмен салыстырғанда – 37 (54-тен 34-ке), зардап шеккендер – 40,6 (69-дан 41-ге), қайтыс болғандар 64,3 пайызға (14-тен 5-ке) төмендеді. Сонымен бірге өндірістік жарақат алу қаупі жоғары кәсіпорындарда «Нөлдік жарақат» және «Халықтық бақылау» концепциялары қабылданып, қолданысқа енгізілуде. Бүгінгі күнге, аталған жобалар «Қазфосфат» ЖШС филиалы (ЖЖФЗ), «Talasinvestment company» ЖШС, «Таразқұрылысинвест» ЖШС, «Амангелді газ өндіру зауыты» ЖШС, «ҰҚ «ҚТЖ» Жамбыл облыстық филиалы, Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» филиалы және «ҚТЖ ҰК» АҚ-ң «Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалында енгізілген.

Сондай-ақ әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу б а р ы с ы н д а ж ұ м ы с ке р л е р д і ң е ң б е к құқықтарының және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыста әрекет етіп тұрған 9625 заңды тұлғаның 5950-і немесе 61,8 пайызы ұжымдық шарттармен қамтылып, 8342 немесе 87,7 пайызы өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша меморандумдар қабылданған.

Сонымен қатар облыста белсенді жұмыс істеп тұрған 4508 кәсіпорын толығымен үшжақты меморандуммен қамтылуына атсалыстық.

– Кейбір кәсіпорындарда жұмысшылар жалақы мәселесіне көңілі толмайтыны белгілі. Оған негіз де жоқ емес. Осы бағытта ықпал етіп, жұмысшыларға көмектеріңіз тиді ме?

– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде белсенді жұмыс жасап тұрған ірі және орта кәсіпорындар мен олардың жұмыскерлерінің жалақысын көтеру бойынша тиісті жұмыстар атқарылғанын атап өткім келеді. Нәтижесінде, 22 ірі, 48 орта, яғни барлығы 70 кәсіпорынның 41-і 19377 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 23000 теңгеге немесе 26 пайызға көтерді.

Осы орайда, айта кететін бір жайт бар. Қазіргі таңда азаматтардың басым көпшілігі жұмыс берушіге қатысты наразылықтарын (жалақы төлеу мәселесі, еңбек заңнамасының бұзуылуы, еңбек қауіпсіздігі және тағы басқа) әлеуметтік желілер арқылы білдіру фактілері жиілеуде. Дегенмен еңбек құқықтары бұзылған жағдайда ресми түрде арызбен еңбек инспекциясы басқармасына немесе азаматтық тәртіппен сот органдарына жүгіну дұрыс қадам болар еді.

Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреті шегінде халықтың еңбек құқықтарын қорғауға қашанда дайын!

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support