- Advertisement -

Кәсіпорынның қаржысы тек өндіріске ғана жұмсалмайды

197

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданындағы жұмыс сапары кезінде «Алтыналмас АК» АҚ филиалының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығының өз жұмыскерлерінің алдындағы әлеуметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып және оларға қажетті жағдайдың барлығын жасап отырғаны бірден байқалады. Басшылық тарапынан қолға алынып жатқан жұмыстар мұнымен тоқтап қалған жоқ. Арнайы күзет қызметімен қамтамасыз етілген өндіріс ошағында жұмысшыларға арналған жатақхана мен пандемияға байланысты қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Буферлік ауыл» құрылысы аяқталды. Мұндағы орын саны 594 адамға арналған (1 буферде 66 төсек орын). Бір атап өтерлігі, кәсіпорын жұмысшылары арасында бұған дейін «СOVID-19»-дың бірде-бір дерегі тіркелмеген. Алдағы уақытта да «Буферлік ауыл» олардың жұқпалы індетті жұқтырып алуына жол бермейтін болады. 7 миллион доллардан астам қаржы жұмсалған кешен жұмысшыларды келесі ауысымда қабылдайды. Өңір басшысы «Буферлік ауылды», ғимараттағы медициналық пункт пен спорт бөлмелерін аралап көрді.

Облыс әкімі кәсіпорынның мәжіліс залында «Алтыналмас АК» АҚ филиалы «Ақбақай» жобасының менеджері Айдар Қожахметовтің өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есебін тыңдады. Іргелі кәсіпорынның алтын өндіре бастағанына жарты ғасырға жуық уақыт болған. Нақтырақ айтқанда, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының соңында Бетпақдаланың бір бұрышынан үлкен көлемде алтын қоры табылып, өндіріс ошағы өз жұмысын бастаған. Содан бері қазынасы қойын- қонышынан асып-төгіліп жатқан таулы қыратты аймақтағы ен байлықты кәдеге жарату жұмыстарына Мойынқұм жұрты түгел жұмылып, нәтижесінде кішкентай ғана кеніш іргелі өндіріс орнына айналып шыға келді. Мұнда қазір барлығы 1088 адам жұмыс істейтін болса, оның ішіндегі 800-ге жуық адам облыс тұрғындары екен.

– Кәсіпорында еңбек ететін 778 адам осы өңірдің тұрғындары. Олардың орташа жалақысы 254 мың теңгені құрайды. 2019 жылдың мамыр айында жұмысшылардың жалақысы 22 пайызға артса, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап 16 пайызға көбейді. Өндірілген өнімнің көлеміне келер болсақ, өткен жылы 1 тонна 684 келі алтын өндіруді жоспарлаған болатынбыз. Жоспарымыз артығымен орындалып, былтыр 1 тонна 915 келі алтын өндірілді.

Жалпы, біздің кәсіпорын екі тәсілмен жұмыс істейді. Оның алғашқысы ашық тау-кен жұмыстары болса, екіншісі жерасты тау-кен жұмыстары. Өнім көлемін артты мақсатында биыл шілде айынан бастап өндіріс ошағынан 25 шақырым жерден кен өндіруді қолға алмақпыз. Ол үшін тиісті тасымалдауға, бұрғылауға арналған техникаларды түгелдей жаңартып, қажетті құрылғыларды әзірлеп қойдық. Өндіріс автоматтандырылған диспетчерлік басқару орталығымен қамтылған.

Ө т ке н ж ы л ы А қ б а қ а й жо б а с ы н а 5 миллиард 946 миллион теңге инвестиция салынса, биыл 12 миллиард 328 миллион теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. Кәсіпорынның қаржысы тек өндірістік бағытта ғана жұмсалмайды. Негізгі бағытымыздан бөлек, қайырымдылық шараларына да басымдық береміз. Мәселен, 2019 жылы екі миллионнан аса қаржы қайырымдылыққа бағытталса, өткен жылы бұл бағытқа 267 миллион теңге жұмсадық. Одан бөлек, өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты орын алған төтенше жағдай кезінде барлық жұмысшыларға 100 мың теңгеден екі мәрте көмек көрсетілді, – деді А.Қожахметов.

Бүгінде кәсіпорын басшылығы мамандар даярлау ісіне де баса мән беріп отыр екен. Бұл осындағы елді мекен жастарының тұрақты жұмыспен қамтылуына да септігін тигізуде.

Қазіргі кезде кеніштегі жұмысшылар 520 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқан көрінеді. Олардың үш мезгіл тамағы мен киім-кешегін және жолын түгелдей кәсіпорын басшылығы өз міндетіне алған. Жоба менеджерінің сөзіне сенсек, Ақбақайдағы алтын қоры 2038 жылға дейін жетеді деп жоспарланған. Болжам бойынша жерастында 36 495 келі алтын болуы керек. Өз кезегінде облыс әкімі Б.Сапарбаев өңір тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отырған өндіріс ошағын қолдауға әзір екендігін жеткізді. «Кәсіпорын басшылығының атқарып жатқан жұмысы мен қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қолдау шараларына мейлінше мән беріп отырғаны қуантарлық жағдай. Осы ретте, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында алтын көпір болып жүрген кәсіподақ ұйымының да атқарар қызметі ауқымды. Тағы бір айта кетерлігі, жергілікті жердің тұрғындарын өндіріске жұмысқа орналастыру жағына басымдық беру керек. Әрине, ұрлықпен, ішімдікпен ұсталған азаматтарға тәртіп қатал. Дегенмен жұмыс барысында байқаусызда тәртіп бұзып қойған тұрғындарды бірден жұмыстан босатпай, кешірім беру жағын да ойластыру қажет деп ойлаймын. Дәл осы кәсіпорын арқылы нанын тауып отырған ауыл азаматтарының да өтініштері осы», – деді Бердібек Машбекұлы.

Басқо су барысында жұмыскерлерді әлеуметтік жағынан қолдау шараларын одан әрі дамыту жағы да айтылды. Сонымен бірге еліміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі саналатын аталмыш өндірісті жан-жақты қолдау жұмыстары да қолға алынбақ. Жиын соңында облыс әкімі мен кәсіпорын басшылығы түрлі мәселелерді шешу бойынша екіжақты меморандумға қол қойды.

Ерғали Қартайған

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support