- Advertisement -

Кезекте тұрғандарға жер телімі беріледі

139

- Advertisement -

Жамбыл ауданында өткен жылы 10,7 миллиард теңгенің құрылысы жүргізіліп, салада оң динамика қалыптасқан. Жалпы ауданда құрылысқа серпін берген – «Ауыл – ел бесігі» жобасы, «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамту жол картасы» мен «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары. Соңғы жылдары ауданда көптеген білім, денсаулық сақтау нысандары салынып, кейбірі күрделі жөндеуден өткізілген еді. Бұдан бөлек, Аса ауылында «Бәйтерек» тұрғын алқабының бой көтеруімен пәтер кезегіне тұрушылардың саны артқан. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны – 1019 адамды құраған. Оның ішінде жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер, әлеуметтік әлсіз топтағылар, көпбалалы аналар мен мемлекеттік қызметкерлер бар.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» тұрғын алқабында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұған дейін бірнешеуі пайдалануға берілсе, биыл 76 пәтерден тұратын бір көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Ол үйдің құрылысын «Бином» ЖШС салып жатыр.

– Бұл көпқабатты тұрғын үйді салуды өткен жылдың мамыр айында бастаған едік. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылыс жұмысына 100 адамды тарттық. Қазіргі таңда ол үйдің ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте оның ауласын абаттандырудамыз. Оны Наурыз мерекесі қарсаңында беруді жоспарлаудамыз, – дейді серіктестік өкілі Мәди Қасымбекұлы.

Құрылыс басында жұмыс істеп жүрген ауыл тұрғыны Қанат Рәшімбайұлын сөзге тартқан едік.

– Бұл үйдің іргетасы қаланғаннан бастап жұмыс істеп келемін. Жұмыссыз ретінде аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрғанмын. Соңғы жылдары елімізде құрылыс саласына жақсы көңіл бөлініп жатыр ғой. Құрылыстың көп болғаны бізге жақсы. Жұмысқа тұрып, тұрақты е ң б е к а қ ы а л ы п , о т б а с ы м ы з д ы асыраудамын, – дейді ол.

Жалпы Жамбыл ауданында үй салу үшін жер теліміне кезекте тұрған 11 069 адам бар. Тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында биыл 7 елді мекен айналасынан арнайы жер телімін беру көзделіпті. Атап айтсақ, Айша бибі ауылынан – 382, Бірлесу Еңбек елді мекенінен – 130, Бектөбеден – 143, Қызылқайнардан – 222, Асадан – 811, Тастөбеден – 79 және Бесжылдықтан 115 жер телімі берілмек. Бұл тұрғындардың өтінішін – 18,8 пайызға қамтымақ. Ол тұрғын алқаптарды электр желісімен, таза ауызсу, табиғи газбен жабдықтау мақсатында бюджеттен 2211,5 миллион теңге бөлініпті.

Жол салу да биліктің назарында. Биыл Бесжылдық пен Қызылқайнардағы жаңа тұрғын үй алқабына қиыршық тас төселмек. Сөйтіп 1882 адамға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімі берілмек. Сонымен қатар Бесағаш, Гродеково мен Шайқорық елді мекендеріндегі жаңа тұрғын алқапқа инженерлік инфрақұрылым тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалған.

Бұдан бөлек, өткен жылы ауданда аудандық мәндегі және ауылішілік көше жолдары жөнделген. Атап айтсақ, Өрнек- Тоғызтарау-Жаңаөткел бағытындағы автомобиль жолдары, сонымен бірге 12 ауылдың 28 ауылішілік жолдары жөндеуден өткізілген. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 50,2 километрді құрайтын 12 ауылдың 61 ауылішілік көшелері мен 1 аудандық мәндегі автомобиль жолы жөндеуден өткізіліпті. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 5 ауылдың 8 ауылішілік көшесі жөндеу көрген. Осылайша аудандағы 415 километрді құрайтын 517 көшенің 106-сына (барлығы 176 километр) асфальт жабыны төселген. Қалған 239 шақырымына шағал төселіп отыр.

Ауданда көшелерді жарықтандыру мәселесі де оңтайлы шешімін тауып келеді. Кейбір елді мекендерде электр сымдары, енді бірінде электр қуатын арттыру үшін трансформаторлар ауыстырылған. Ал биыл аудан бюджетінен осы жұмыстарды бұдан ары қарай жалғастыру үшін 77 миллион теңге бөлінбек.

Таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында да жұмыстар атқарылуда. Атқарылған жұмыстардың есебінен 42 елді мекеннің 29-ы таза ауызсу жүйесіне қосылған. Өткен жылы Жамбыл ауылдық округіндегі 5 елді мекеннің ауызсу жүйесі аяқталса, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 5 ауылға ауызсу құбыры тартылуда. Ал жыл басында Қаратау мен Қызылқайнар ауылы таза ауызсуға қосылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Шоқай ауылының ауызсу құрылысы басталып, ол биыл пайдалануға беріледі. Осылайша о рт а л ы қ т а н д ы р ы л ғ а н ау ы з сум е н қамтылған елді мекендер үлесі 45,2 пайыздан 69 пайызға жоғарылаған. Биыл бұл көрсеткішті аудан басшылығы 71,4 пайызға жеткізбек ниетте.

«Көгілдір отын» мәселесі де шешімін тауып келеді. Бүгінгі таңда 26 елді мекен табиғи газдың игілігін көруде. Қазір 13 ауылға газ құбыры тартылуда. «2019 жылы табиғи газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесі 57,1 пайызды құраса, ол өткен жылы 61,9 пайыз болған еді. Биыл бұл көрсеткіш 90,4 пайызға жетеді деген сенімдеміз», – дейді аудан басшылығы.

Марат Құлибаев

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support