- Advertisement -

Жалақы төмен, пәтер қымбат

89

- Advertisement -

Еліміз бойынша Тараз пәтер бағасы арзан қалалар қатарына жатады. Соңғы жылдары жаңа шағын аудандар бой көтеріп, пәтер кезегі жылжып, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында қолжетімді бағада баспаналы болуға мүмкіндік артқаны белгілі. Алайда соған қарамастан өткен жылдан бастап бағаның күрт көтерілуі айқын аңғарылды. Баға тек екінші дәрежелі үйлерге ғана емес, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүретін жаңа пәтерлерге де өсті. Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасының «Кредиттік баспана» бағыты бойынша Тараз қаласындағы 15-ші шағын ауданда алғашында пәтерлердің шаршы метрі 116 мың теңге болса, кейіннен 140 мың теңгеге өсті. Ал 2020 жылғы маусым айынан бастап 160 мың теңгеге жеткен.

Ж а с ы р а т ы н ы жоқ, еліміз бойынша Ж а м б ы л ө ң і р і – жалақы бойынша ең төменгі орында тұр. Еңбекақыда өсім байқалмайды. Оның үстіне, карантин біраз кәсіпке кедергісін тигізіп, халықтың әлеуметтік ахуалына соққы болды. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, азық-түлік бағасы шарықтап кеткені тағы бар. Осындай елең-алаңда баспана бағасының да шарықтап шығуы санаға сыймайтын құбылыс сияқты.

Тұрғын үйге қатысты мемлекеттік б а ғ д а р л а м а л а р д ы ң о п е р ат о р ы с ана латын «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Бердияр Құттыбаев Тараз қаласындағы 15-ші шағын аудан пәтерлерінің 140-тан 160 мыңға көтерілуінің себебін құрылыс материалдары бағасының өсуімен байланыстырып отыр. «Былтыр 8 маусымнан бастап баға өзгерді. Бірақ бұл өзгеріс бекітілмей тұрып тендерлері ойнатылған, құрылысы қазір жүріп жатқан кейбір үй пәтерлерінің шаршы метрі бұрынғы бағамен, яғни 140 мың теңгемен рәсімделе береді. Жалпы, 15 шағын аудандағыдай арзан баға еліміздің еш өңірінде жоқ», – дейді ол.

«Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы директоры Гүлзат Бекназарова мемлекеттік бағдарламалар көбірек ж а с а л ғ а н с а й ы н а д а м д а р д ы ң кезекке тұру белсенділігі де арта түсетінін ескертіп, портал жүйесі арқылы күніне орта есеппен 11-14 адам тіркеліп жатқанын атап өткен болатын. Мысалы, көпбалалы, толық емес немесе мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы ретінде әкімдікте кезекте тұрған адамдар үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 3 миллиард 325 миллион теңге несие беріліп, облысымызда 356 жанұя бақытты отбасына айналған көрінеді. Бағдарламаның шарты бойынша заем мөлшерлемесі 2 пайыз, ең төменгі бастапқы жарна 10 пайыз, мерзімі 20 жылға дейін. Мұнда жаңа пәтер, қолданыста болған пәтер немесе жеке тұрғын үй аламын десе де, таңдау өз еркінде. 2020 жылы 362 өтінім түскен.

Ө т к е н ж ы л д ы ң т ө р т і н ш і т о қ с а н ы н а н б а с т а л ғ а н « Н ұ р л ы жер» бағдарламасының « Ш а ң ы р а қ » п и л от т ы қ жобасы іске қосылды. Ол арқылы кез келген жаңа т ұ р ғ ы н ү й ке ш е н і н е н пәтер сатып алуға болатын көрінеді. Жылдық несие мөлшерлемесі 5 пайыз, б а с т ап қ ы ж а р н а с ы 1 0 п а й ы з , н е с и е л е н д і р у мерзімі 20 жыл. Пилоттық жобаға үй кезегінде тұрған азаматтардың былтыр 315-і тіркелген.

Ө ң і р д е б а с п а н а кезегінде 32 мың адам тұрса, биылға 30 кредиттік тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланыпты.

Үйі жоқтың – күйі жоқ. Мемлекеттік бағдарлама аясында не сиеленетін пәтерлердің бағасы жыл с айын өсс е де, соңғы жылдарда салынып жатқан ү й л е р д і ң с а п а с ы с ы н көтермейтінін сезсе де, баспанасыз жүргендерде басқа амал жоқ. Себебі бір жалақыға күні қараған к ө п ш і л і к т і ң п ә т е р құнын басы бүтін төлеп, таңдағанын сатып алатын қалтасында миллиондаған қаражаты бола бермейтіні белгілі. «Қазіргі құрылыс материалдарының жай- күйін білеміз. Сондықтан жаңа құрылыстан гөрі пәтерді бұрынғы үйлерден, қалаған жерімнен таңдап жүріп алғым-ақ келеді. Бірақ «Отбасы банкінде» ол үшін жалпы соманың 50 пайызын құю керек, оны қалта көтермейді. Екінші деңгейлі банктер арқылы ипотека рәсімдесең, әрине өте тиімсіз, пайыздық м ө л ш е р л е м е с і т ы м жоғары», – дейді Тараз қаласынан пәтер іздеп жүрген тұрғын Алина Алмасаева.

Жалпы қала бойынша үйдің бағасы өткен жылдың наурыз айынан бастап қымбаттай бастаған. Баға 17-20 пайызға өсіп, шаршы метрі 147-160 мың тұратын пәтерлер 190-210 мың теңгеге бір-ақ барған. «Юг- недвижимость» риэлторлық компаниясының басшысы Ю р и й П а к Т а р а з д а тұрғын үй бағасының қ ы м б а т т а у с е б е б і н жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардан көреді. «Мемлекет әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға 8-10 пайыздық үстемемен пәтерлер сатып алып беріп жатты. Демек, құны 8-9 миллион теңгеге бағаланатын үйді 13-14 миллион теңгеге аласыз. М ұ н д а ү й с ату ш ы л а р ұтып жатыр. Бұл қолдан жасалған қымбатшылық. Менің ойымша, жақында баға қайта түседі. Себебі қалада соғылып жатқан үй көп. Әдетте баспана бағасы орташа жалақы көлемімен бірге өседі емес пе. Бірақ жалақыда өзгеріс жоқ, ал баспана қымбат. Бұл ақылға қонымсыз құбылыс», – дейді ол.

Риэлторлар бағаның қымбаттығына қарамастан, и п о т е к а е с е б і н е н с атып алушылар с аны азаймағанын жеткізді. К е л і с і м ш а р т т а р д ы ң 8 0 п а й ы з ы е к і н ш і қолданыстағы ипотекалық пәтерлерге рәсімделіп жатыр екен.

« Б ұ р ы н Қ а з а қ с т а н бойынша ең арзан пәтерлер Таразда болатын. Қазір Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Талдықорған қалаларын аттап, 3-4 сатыға көтерілді. Дегенмен 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап бағаның аздап төмендегенін байқадық», – дейді риэлтор Юрий Пак.

Жалпы Тараз қаласында 1-ден 11-ші шағын аудандар аралығындағы екі бөлмелі пәтерлер 8 миллион 500 мыңнан 12 миллион 500 мың теңге аралығында. 5-ші шағын ауданда баға әдеттегідей төменірек. Онда екі бөлмелі пәтерді 7 миллион теңгеден де табуға болады. Ал 3 бөлмелі пәтер аталмыш шағын аудандарда 13-14 миллион теңгеден ж и і р е к ке зд е с т і р е с і з . С о н д а й — а қ ж а ң а д а н жөндеу көргендері 16-17 миллион теңге. Сұранысқа көбірек ие Сәтбаев көшесі аумағындағы 2 бөлмелі п ә т е р 1 3 м и л л и о н , 3 бөлмелі 18 миллион теңге төңірегінде. Кейіннен бой көтерген 12-ші шағын ауданда 90 шаршы метрлік 3 бөлмелі пәтер 22-25 миллион теңге арасында с ауд а л а н уд а . А л қ а л а орталығындағы Желтоқсан, Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінде, Төле би- Жамбыл даңғылдарының қиылысында, Сүлейменов көшесінің бас жағындағы үйлерде жөндеу көрген 3 бөлмелі пәтер құны 20 миллион теңгеден жоғары.

Баспана іздеген адам а л д ы м е н « к р ы ш а . к z » қосымшасының көмегіне жүгінеді. Алайда саудаласа келе, ол жерде көрсетілген бағаны 5-10-15 пайызға төмендетуге болады. Үй с ат атын неме с е с атып а латын тұрғындардың 30 пайызға жуығы бұл ж ұ м ы с т ы р и эл то рл ы қ компанияларға тапсырады.

 

Қарлығаш Есбергенова

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support