Психологиялық тренинг – қарым-қатынасты нығайтады
Психологиялық тренинг – қарым-қатынасты нығайтады
Тренинг барысында қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындады және шешім қабылдап, әрекет жасауды үйренді. Сондай-ақ, сарбаздардың моральдық-психологиялық жағдайлары жақсарып, бір-бірімен достықтары арта түсті. Жалпы тренинг практикалық және теориялық болып екі түрге бөлінеді. Практикалық тренингтер қатысушыларға тақырыпқа сәйкес мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Әдіс-тәсілдер белгілі бір шеңберде ғана қолданылады. Мұндайда мәселенің мән-жайын анықтауға теориялық тренингтер көмектеседі. «Тренинг іс-шарасын жоспарға сәйкес және жоспардан тыс әртүрлі тақырыптарда жүргізіп отырамыз. Тренинг – сарбаздарды моральдық-психологиялық тұрақтылықты сақтауға, бейімділік пен сенімділікті арттыруға және бір-бірімен ұжымдастыруға үйретеді», - деді әскери бөлім психологы гвардия аға лейтенанты Болат Тұрсынбеков. Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов