Онлайн «әлем» оқушының ой-өрісін тарылтады
Онлайн «әлем» оқушының ой-өрісін тарылтады
И н т е р н е т т і ң ө м і р і м і з г е дендеп енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын әлеуметтік желіде қалыптастыратын болған. Алайда к ү н к ө р і с қ а м ы м е н ж ү р г е н көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай отыр. Ал ұзақ уақыт бойы монитордың алдында отыру денсаулыққа зиян. Компьютердегі атыс-шабыс, төбелес сияқты ойындардың зияны туралы да талай айтылып жүр. Кешке дейін мониторға үңіліп отыру көз жанарын суалтып қана қоймайды, адамның жүйкесін нашарлата түседі екен. Бұл өзгеріс көзге көрінбейді, тіпті, сезілмейді де. Ол аз десеңіз, балалар соңғы кезде етек алған тендонит деп аталатын дертке ұшырауда. Тендонит – қол саусақтары с і ң і р л е р і н е ш а м а д а н т ы с к ү ш т ү с і р у н ә т и ж е с і н д е пайда болатын дерт. Әлемде компьютермен жұмыс жасайтын ә р б і р е к і н ш і а д а м о с ы сырқатпен ауыратын көрінеді. Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды ә л е м н і ң а р қ а с ы н д а уа қ ы т еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді. Психологтардың зерттеуінше, компьютерлік ойын үстінде а д а м н ы ң о й л а у қ а б і л е т і , эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жұмыс істейді екен. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде іс-қимыл траекториясы мен қашықтықты е с ептеуде қателіктерге бой алдырады. Себебі 3D – бейнелер кеңістігі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды. Бүгінде қатар-құрбысымен а р а л а с п а й , к ү н д і з - т ү н і ком п ь ют е р ге т е л м і р і п , б а р қызығын содан табатын адамдар қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Компьютердегі алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін ерте кезде-ақ ғылыми негізде дәлелденген. Бүгінде мектеп оқушыларының 90 пайызы интернетке тәуелді десем артық айтпағаным болар. Мұның нәтижесі оқушылардың күнделікті сабаққа деген қызығушылығы мен үлгерімі, ынтасының төмендеуіне әкеледі. Оның тағы бір зиянды тұсы – өскелең ұрпақтың ұлттық болмысын жоғалтуға әкеліп соғатыны. Интернеттегі ойындар, фильмдер, мультфильмдер, түрлі ұятты суреттер болсын, біздің өсіп келе жатқан жеткіншектердің санасын улайды. Нәтижесінде, болашақ ұрпақ жат мәдениетке елітіп, еліктеп, өзінің дәстүрлік м е н т а л и т е т і н ж о ғ а л т а д ы . Ақыры ұлттық болмысымыздың жоғалуына әкеп соғады. Бұл мәселе жасөспірімдерді компьютерге үңіліп отырудан бас тартқызып немесе қатаң тыйым жасаумен шешілмейді. Ол үшін монитордың арғы жағындағы әлем ұл-қызыңызға қауіпсіз болсын десек, оның компьютерін бағдарламалармен ж а б д ы қ т а п , с п а м ф и л ь т р орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Балаңыздың компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыру да – ата-аналық парызыңыз.
Назира АҚСАҚАЛОВА,
Ақыртөбе орта мектебінің
педагог-психологы.
Т.Рысқұлов ауданы.