Түймекентте дәрігерлік амбулатория салынады
Түймекентте дәрігерлік амбулатория салынады
– Байзақ ауданындағы халық с ан ы бо й ын ш а т ұ р ғ ын ы кө п ауылдық округ осы Түймекент ауылы. Сондықтан да бұл ауылдық округте не жұмыстар атқарылып жатқанын, халықтың көкейінде н е н д е й м əс е л е л е рд і ң б а р ы н білу үшін сіздермен жүздесуге арнайы келдім. Жалпы облыстың экономикалық даму қарқыны әлемді шарпыған дағдарысқа қарамастан 2,2 пайызға жоғарылаған. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама жоғары. Оған Байзақ ауданының да, Түймекент ауылының да қосқан үлесі бар. Қазір округте облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жоба өз жемісін беруде. Бұл жобаны жүргізу үшін бюджеттен сіздердің округке 750 миллион теңге бөлінген болатын. Бұдан бөлек, округте шешімін күткен жұмыстарды атқаруға мемлекет бюджетінен 1,5 миллиард теңге, ал жалпы ауданға 13 миллиард теңге, облысқа 150 миллиард теңге бөлініп, көп жұмыс атқарылды. Оны құрылыс, жол, таза ауызсу, табиғи газ тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан көруге болады. Бұрын облысқа 238 миллиард теңге бөлініп келсе, өткен жылы ол 430 миллиард теңгеге жетті. Осылайша біз өзіміздің өткен жылғы халық алдындағы əлеуметтік міндеттемелерімізді орындадық, –деді. Сөйтіп Бердібек Машбекұлы баяндама жасау үшін сөз кезегін Түймекент ауылдық округінің әкімі Қанат Смағұловқа берді. Округ әкімінің айтуынша, бүгінде округтегі 254 шаруа қожалығы 6 849 гектар егістік алқапты игеруде. Оның 3 503 гектары суармалы, қалғаны тәлімді алқаптар құрайды. Ол жер телімдері мақсатты игеріліп, өткен жылы округ диқандары жақсы өнім жинаған. Ал осы жылдың өнімі үшін 701 гектар алқапқа күздік бидай себіліпті. Сондай-ақ округте мал басы да артуда. Атап айтсақ, «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Аманов» шаруа қожалығы 10 миллион теңгеге 50 бас құнажын сатып алған. Бүгінгі таңда тұрғындар 4600 бас мүйізді ірі қара, 32500 бас қой-ешкі, 1 720 бас жылқы, 105 бас шошқа мен 80 бас түйені қорасында ұстап отыр. Бір атап өтерлігі, өткен жылы облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жобасына бұл округтен 1144 аула қатысып, үй іргесіндегі жер телімдеріне көкөніс, картоп еккен. Бақша салғандары да бар. Ал жобаның екінші бағытына қатысқан 258 адам «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ- нан 602 миллион теңгеге несие рәсімдеп, оған 630 бас жылқы, 2954 бас қой-ешкі, 543 бас ірі қара, 1025 бас құс алған. Сонымен бірге ауыл іргесіндегі егістік жерлер округте жаңа құрылған «Түймекент-2019» АШК-і күшімен игерілген. Қазіргі т а ң д а ко о п е р ат и вт е 1 8 ау ы л шаруашылығы техникасы бар. Жоба аясында округте кəсіпке бет бұрған жобалар да жоқ емес. Жоба аясында бірі бал омартасын қолға алса, бірі жылыжай салуда. Тұқым тазалау цехы жақында іске қосылмақ. Ал наубайхана жұмыс істегелі Тараз қаласынан нан тасу тоқтатылған. «Өңірлерді дамыту» жəне «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында «Қарлығаш» балабақшасы мен Түймекент орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілген. Бұдан бөлек, Ақжар ауылында Абай көшесі жарықтандырылып, жолы орта жөндеу көрген. Түймекент ауылында да осындай жұмыстар атқарылған. Мәдениет үйінің шатыры, жылу қазандығы ауыстырылған. Сондай- ақ спорт алаңдары мен саябақтарды жөндеуге де бюджеттен аз қаражат бөлінбепті. Осы нысандардың құрылыс жұмыстарына округтен 56 адам жұмысқа тартылған. Округ әкімі Қанат Смағұлов осынау тірліктерді қағазға қарамастан, зал төріне қойылған экран арқылы атқарған жұмыстарының кестесін көрсете отырып, баяндап шықты. Жалпы қамтылмаған сала қалмады. Бердібек Машбекұлы «ауыл əкімі сіздермен соңғы рет қашан кездесті?» деп ауыл тұрғындарын ашық диалогқа тартты. Ауыл тұрғындары жас әкімнің болашағынан зор үміт күтетіндерін айтты. Келесі ке з е к т е а й м а қ б а с ш ы с ы н ы ң «округте демеушілердің күшімен қандай жұмыстар атқарылды?» деген сұрағына округ әкімінің мүдіруіне тура келді. Ауыл мектебі директорынан «Түлек kz» порталына қанша түлектің тіркелгенін сұрап алған облыс әкімі мектеп бітіріп кеткен түлектермен жұмысты күшейтіп, олардың ішінде туған жеріндегі игі тірліктерге демеуші бола алатын азаматтарды тарта отырып, талай шаруаны бітіруге болатынын айтып, кеңес берді. Қанатқақты жобаның барысын сұраған аймақ басшысы «Жобаның басты мақс аты – өңірде ма л басын көбейту. Біз малды көрші ауылдардан сатып аламыз. Оны біз өзге облыстардан сатып алуға тиіспіз. Сондай-ақ округте 70 отбасы үй іргесіндегі жерді пайдаланбай отыр екен. Олармен де жұмыс істеу керек», – деді Бердібек Машбекұлы округ əкіміне тапсырма беріп. Өзін Дəметкен деп таныстырған жалғызбасты ана баспана сұрады. Мүмкін болса «Асарлатып үй салу» жобасымен үй салып беруді де өтінді. Ал аудандық орталық ауруханасының бас дəрігерінің орынбасары Мырзағали Мадімаров Түймекент ауылында 15 орындық дəрігерлік амбулатория салынса деген өтінішін жеткізді. Ауыл қариясы Лесхан Əлсейіт «малдың терісі мен жүнін қашан кəдеге асырамыз?» деп сұрақты төтесінен қойды. Сонымен бірге мал ұрықтандыру пунктін ашып беруді сұрады. Ал округтік ардагерлер кеңесінің төрағасы Жомарт Мұхамеджанов округ əкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді. Соңынан ағын су жүретін каналдарды бетондап беру үшін қаржы бөлуді, су шайып кеткен көпір асты тіреулері мен газ тіреулерін қалыпқа келтіріп беруге көмектесуін сұрады. Ж и ы н б а р ы с ы н д а т ү с ке н сұрақтарға Бердібек Машбекұлы жан-жақты талдай отырып жауап берді. Қанатқақты жобаның алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты. «Жетімі мен жесірін жылатпаған қазақ «Асарлатып үй салу» жобасын тоқтатпау керек. Ертеректе ата- апаларымыз асарлатып тоған қазып, үй салған. Оның тəрбиелік мəні зор. Биыл да бұл жобаны жалғастыратын боламыз», – деп аудан әкімі Нұржан Нұржігітовке тапсырма берді. «Жүн мен тері өңдеу біздің өңірде ғана емес, республикада күрделі мәселе болып тұр. Өкінішке орай елімізде жүн-тері өңдейтін зауыт пен фабрика жоқ. Бұл мәселе де алдағы уақытта шешімін табар деген сенімдеміз», – деді аймақ басшысы. Бердібек Машбекұлы Түймекент ауылында дәрігерлік амбулаторияның биыл қолға алынатынымен қуантып, жиынды қорытындылады.
Марат Құлибаев
Байзақ ауданы.