- Advertisement -

89 тендерді жеңіп алып, 16-сын орындамаған

111

- Advertisement -

Өздеріне жүктелген міндеттемелерге немқұрайлы қараған мердігерлерді ендігәрі мемлекеттік сатып алуға қатыстырмау үшін лицензиясынан айырып, жосықсыз мердігерлер тізіміне қосу арқылы жазалау қажет. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құрылыс компанияларының басшыларымен болған кездесуде осылай деді. Оған әкімдердің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарлары мен салалық басқармалардың басшылары қатысты.

Өткен жылы салаға 55,4 миллиард теңге тартылып, құрылыс экономикалық дамудың локомотивіне айналды. Алайда құрылыс ұйымдарына қатысты сұрақ көбеймесе, азайған жоқ. Кезінде кеткен қателіктерді ендігәрі қайталамай, құрылыс сапасын қалай жақсартуға болады? Кездесуге қатысушылар осы сынды сұрақтарға жауап іздеді.

– Ө т ке н ж ы л д ы ң б а с ы н д а с і зд е р конкурстарды өзге аймақтардың өкілдері жеңіп ала беретінін айтып, шағымданған болатынсыздар. Қазір жағдай өзгерді: жұмыстың 90 пайыздан астамын жамбылдық компаниялар атқарды. Алайда кейбіреулеріңіз уәдені орындамадыңыздар, нысандарды пайдалануға беру кестесін бұзып отырсыздар. Құрылыс сапасына қатысты да шағымдар жоқ емес, – деді Бердібек Сапарбаев.

Құрылыс басқармасының бастығының міндетін атқарушы Жайықбай Шалдаровтың а й т у ы н ш а , к е й б і р м е р д і г е р л е р д і ң сылбырлылығы және қаржының игерілмеу қаупінің туындағанына байланысты 4,5 миллиард теңге басқа нысандарға бағытталған. Тараздағы үш нысан бойынша 505,2 миллион теңге республикалық бюджетке қайтарылды, 12 мердігер өз міндеттерін орындамады. Құрылысшылардың кінәсінен 15-ші шағын ауданда электр желілерін қосу және жол салу мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Одан кейін баяндамашы әр аудан бойынша жұмыс кестесінің бұзылуына қатысты жағдайларға тоқталып шықты.

Сонымен қатар Ж.Шалдаров жұмыстың негізгі ауыртпалығын арқалайтын қосалқы мердігерлерді тарту мәселесіне назар аудартты. Жалпы алғанда өткен жылы 235 жобаның құрылысына 93 мердігер тартылса, оның сегізі өз кезегінде 14 қосалқы мердігерді тартқан. Мұның бәрі қорытынды нәтижеге тікелей әсер ететін жауапкершіліктің төмендеуіне әкеледі.

– Мемлекеттік сатып алу конкурстарына өтінімдерді қабылдау кезінде тиісті материалдық-техникалық базаның, білікті кадрлық ресурстардың болуын тексеру қажет. Басқарма тараптан бақылау кемшін. 27 нысан не себепті биылға өтпелі болды? – деп сұрады Бердібек Сапарбаев.

Ал Жайықбай Шалдаров мұны тапсырыс берушілердің, яғни әкімдіктердің жоспарлауының нашарлығынан көріп отыр.

Аймақ басшысы міндеттемелерге құлықсыздық танытқан әр жағдайға жеке-жеке тоқталды. Мысалы, «Барат и Ко» компаниясының өкілі қосалқы мердігердің құжаттары бойынша нысан құрылысы аяқталғанын, бірақ құрылыс сапасын ешкім қадағаламағанын айтты. Ал «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС мен «Сұңқар-2002» ЖШС басшылары мектептердің құрылысы осы жылдың сәуір айында аяқталатынына сендірді. Ал «Архат-Өркендеу» ЖШС 16 жобаны аяқтамаған, бұл ретте шағын компания 89 лотты жеңіп алған. Қордай ауылдарының Күнбатыс және Қалғұтты ауылдарындағы мектептердің құрылысы кешіктіріліп, «Шұғыла-2002» және «ТебердаСтройСервис» мердігерлеріне қатысты сот ісі басталды.

– Мұндай құрылысшыларға қатысты заңнамада көзделген барлық шараларды қолдану қажет. Жұмысқа деген осындай көзқараспен олар республиканың бірде-бір аймағында жұмыс істемеуі керек, – деп атап өтті облыс әкімі.

Жол саласын дамытуға 27,6 миллиард теңге бөлініп, 1,3 мың шақырымнан астам жол жөнделді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 90 пайызға жетті. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясындағы 843 жобаның 32-сі аяқталмаған, ал бесеуі мүлдем басталмаған. Асфальт пен битум дер кезінде жетпей қалып, соның салдарынан кестеден кешіккен. Нәтижесінде, 1,2 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Қысқасы, Б.Жәнібеков мұндай келеңсіздіктің орын алуына негізінен өндірістік процестердің технологиясы мен қолданыстағы стандарттардың сақталмауы себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол бір қатысушы ұтып алатын лоттар санына шектеулер енгізуді және жолдардағы тесіктерді бітеу жұмыстарына әкімдер үнемі назар аударса деген ұсынысын білдірді.

– Қырғызстанмен шекараға дейінгі жолды қыркүйекте емес, шілдеде аяқтау керек. Жолдың бір шақырымының құнында неліктен осындай үлкен ауытқушылық бар екенін анықтау керек. Мердігерлерден қателіктерді өз есебінен жоюды талап ету қажет, – деді Бердібек Сапарбаев.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев сумен және газбен жабдықтау нысандары құрылысының нәтижелері, жіберілген заң бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы есеп берді. Мәселелердің бірі ретінде ол 113 нысанды «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның теңгеріміне өткізудің ұзаққа созылып кеткенін атап өтті.

Қ.Қорғанбаев сонымен қатар нысандарды бір қолға шоғырландыру мәселесіне де назар аудартты. Мәселен, облыс орталығының аулаларын абаттандыру кезінде «ЕРК Астана», «НурИнвестХолдинг» және «АсылИнвест Professional» сынды мердігерлердің әрқайсысы 23-тен 37 лотқа дейін жеңіп алған. Алайда олар осыншама жұмыс ауқымын еңсере алмай, кестенің бұзылуына жол берді.

– Әлеуметтік нысандарды газдандыруды жеделдету қажет. Бұл қалай сонда, ауылда газ бар, бірақ ондағы мектеп пен медициналық пункт «көгілдір отынмен» қамтылмаған ба?! Біз қоғамдық көлікті кезең-кезеңімен газға көшіруді жүзеге асыратын боламыз, ол экологиялық тұрғыда таза және бензинге қарағанда әлдеқайда арзан, – деп атап өтті өңір басшысы.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілі 131 тексеру жүргізіліп, 21,8 миллион теңге айыппұл салынғанын атап өтті. 85 әкімшілік іс қаралған десек, оның ішінде 35-і тапсырыс берушілерге, 36-сы бас мердігерлерге, 12-сі техникалық қадағалауға және екеуі авторлық қадағалауға қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек ұқсас мектептерді салу кезіндегі баға айырмашылығына назар аударуға, құрылыс мерзімі мен «қызыл сызық» талаптарын сақтауға шақырды.

– Бұл кеңестің басты мақсаты – жіберілген қателіктерді талдау және алдағы уақытта оларға жол бермеу. Салынған нысандар мен төселген жолдардың сапасы жоғары болуы тиіс. Жауапкершілік – құрғақ уәде емес. Сапасыз жұмыстар үшін жауап бересіздер. Бүгінде бұл бағытта қомақты қаражат бөлінуде десек, тұрғындар игілігіне беріліп жатқан жаңа мектептер, ауруханалар мен балабақшалардың сапасы да соған сай болуы тиіс. Қазақстандық қамту деңгейін 90 пайызға дейін жеткізу, кәсіпорындардың ST-KZ сертификатын алуын жеделдету қажет. Облыста өздеріңізге қажетті құрылыс материалдарын шығару жөнінде ұсыныстар енгізіңіздер. Жергілікті компанияларға қолдау көрсету керек, дегенмен тек өз кәсібилігі мен жауапкершілігін дәлелдегендерге ғана көңіл бөлген маңызды. Жаңа құрылыс маусымына жан-жақты дайын болыңыздар, күн райының жылынар сәті алыс емес, – деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support