- Advertisement -

Айтысқа облыс атынан сегіз ақын қатысатын болды

102

- Advertisement -

Облыс есімін иеленген жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа әулиеаталықтардың құрметі қашанда ерекше. Биыл «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл бабаның туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай еліміз бойынша көптеген іс-шаралар өтетіні белгілі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақпан айының аяғында «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысын өткізуге көңіл аударып, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұсынысын қолдады.

О с ы ғ а н о р а й Ш е р х а н Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында аталған орталық директорының орынбасары, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілері одағы облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбековтің төрағалығымен өңірдің айтыскер ақындары бас қосты. Белгілі себептермен айтыстың дүлдүлі Күміскүл Сәрсенбаева, Шудағы Бақытбек, Нұрлан Жұмабековтер жиынға келе алмады. Филиал т ө р а ғ а с ы ө з с ө з і н д е ө ң і р айтыскерлері былтырғы жылды жаман қорытындыламағанын, бірқатар табыстар бар екенін, нақты айтсақ, Алтынкүл Қасымбекова республикалық айтыста жүлдегер атанғанын, індет талаптарын ескере отырып, бірқатар айтыс өткенін айтып, ақпан айының соңында ұйымдастырылатын Жамбыл Жабаев рухына арналған айтысқа қай ақындарды қатыстыру туралы мәселені талқыға салды.

Талқылау барысында Ербол Қамбатыров, Айтмұханбет Исақов, Алик Бекмұсаев, Аида Будеева, Дархан Әбдіманат, Нұрлыбек Құрманов, Дидар Апбасов, Рай Дөңбай өз ұсыныстарын айтып өтті. Бұл жерде екі жол ғана бар. Біріншісі, былтыр өткен облыстық іріктеу айтыс қорытындысы бойынша республикалық айтысқа жолдама алған 6 айтыскердің өткен жылғы жолдамасын сақтау, екіншісі қайтадан облыстық іріктеу айтысын өткізу.

Жиналған айтыскерлердің пікірлерінен соң дауыс беруі н ә т и ж е с і н д е б ы л т ы р ғ ы облыстық іріктеуден іркілмей өткен 6 айтыскер және соңғы айтыстарда жүлдеден жүлдеге жеткен Алтынкүл Қасымбекова, айтысқа еңбегі сіңген аға буын Айтмұханбет Исақов алдағы 25 ақпанда өтетін «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысына өңіріміздің атынан қатысуға жолдама алды. Ал Шапағат Әбдір мен Айтбек Тұрсынбай резервке қойылды. Іс-шарада өзге де ой-пікірлер айтылып, алдағы уақытта аудан әкімдерімен, белгілі кәсіпкер азаматтармен бірлесіп айтыстарды жиірек өткізу жайы сөз болды.

 «Aq jol» – Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support