- Advertisement -

Екпе салу мәжбүрлі түрде жүргізіле ме?

100

- Advertisement -

Елімізде 1 ақпаннан бастап жүргізілетін коронавирусқа қарсы екпе төңірегінде көпті толғандырған сұрақ көбейді. Соның ең негізгілерін топтастырып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолдаған едік. Басқарманың баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Өмірбаева тиісті сала мамандарының берген жауабын жіберді:

Сұрақ: Елімізде вакцинация міндетті әрі мәжбүрлі түрде жүргізіле ме?

Жауап: Коронавирусқа қарсы екпені алу әркімнің өз еркінде. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация екпе алатын адамның келісімімен ғана жүргізіледі. Вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, кез келген қысым көрсету – заңсыз.

Сұрақ: Қазақстанда қандай екпе қолданылады?

Жауап: 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап елімізде Ресейде шығарылған Гам-КОВИД – Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізіледі. Ал 15 ақпаннан әрі қарай Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам – КОВИД – Вак вакцинасы салынады. Нақтырақ айта кетсек, ресейлік «Спутник V» екпесі елімізде шығарылуда, екеуінің де құрамы бір. 2021 жылдың 2 тоқсанында вакцинациялау процесіне отандық өндіріс – QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр, бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінен өтуде.

Сұрақ: Екпе ең бірінші кімге егіледі?

Жауап: Вакцинациялау екпенің келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бұл ретте, бірінші ке зекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары  коронавиустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға жатады, одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылады.

Бірінші кезеңде инфекциялық аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцина қабылдайды. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет қызметкерлері қамтылады. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады.

Бұдан басқа, халықтың қосымша осал топтары: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және басқаларды қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарланып отыр.

Сұрақ: Екпе алу ақылы бола ма? Бір вакцинацияның құны қанша?

Жауап: Халықтың осал топтары үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина тегін.

Сұрақ: Коронавирусқа қарсы вакцина қауіпті ме? Қандай жанама әсерлері бар?

Жауап: Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал белгілері, вакцинаны енгізу және с ақт ау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтері бар вакцинаның нұсқаулығы талап етіледі. Осыған байланысты, қарсы көрсеткіштерді қазіргі уақытта тізіп шығу мүмкін емес. Адамның ағзасы кез келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастырады. Сондықтан иммундаудан кейін дене қызуы аздап жоғарылап, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап айтқан жөн.

Сұрақ: Екпеге аллергиялық реакцияның болуы мүмкін бе?

Жауап: Жалпы кез келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер аллергиялық ауруы болса, оған екпе салынбайды. Бұл ретте, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның ағзасы әртүрлі. Сол себепті вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекемеде) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.

Сұрақ: Ресейде вакцина алған адамдарға күнделікті телефон арқылы хабарласып, оның денсаулық жағдайы бақылауда болады екен. Бізде де осындай жолдар қарастырылған ба?

Жауап: Вакцина алған барлық адамдар жарты сағат емханадан кетпей, дәрігердің бақылауында болады. Содан кейін 3 күн бойы, тіркелген жерлері бойынша учаскелік дәрігерлер тексеріп тұрады. Екпе алғандарға міндетті түрде арнайы жадынама таратылатынын ескертеміз. Онда вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсерлер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері жазылады.

Сұрақ: Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егіле ме?

Жауап: («Спутник V») вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Екпені тек 60 жасқа дейін кәмелетке толған ел азаматтары ғана ала алады. Қазақстанда өндірілген вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-ші кезеңінен өтуде. Бүгінгі күні отандық вакцина жөніндегі бекітілген нұсқаулық жоқ, сондықтан осы вакцина бойынша контингент анықталуда.

Сұрақ: Екпе неге екі рет егіледі?

Жауап: Коронавирусқа қарсы вакцинаны арасына 21 күн салып, екі рет егу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам ағзасындағы антиденелер саны артады.

Ардақ Үсейінова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support