Біздің ауылға газет-журнал 4-5 күн кешігіп келеді

41

Мен Талас ауданының ең түкпіріндегі Көшек деген ауылдың тұрғынымын. Осы ауылдағы орта мектепті басқарамын. Ауыл тұрғындарының ортасында жүргендіктен, баспасөзге жазылым бойынша біраз нәрсені байқаймын. Жасыратын несі бар, қазіргі таңда елдің ішінде: «Газеттер оқылмайды, оған жазылушылар азайып жатыр» деген пікірлер бар. Кейбір мұғалім әріптестеріміз: «Газетке жазылудан құтылдық» деп айтады екен деп те естиміз. Бірақ өз басым мұндай сөздерге қосылмаймын. Жазылым кезінде кері тартатын бірен-саран әріптестерімді де түсіне бермеймін. Менің ойымша, керісінше газет-журнал қоғамға, оқырманға қай кезде де керек.

Басылым деген – рухани байлық. Б а л д а й т ә т т і б а л а к ү н і м і зд е н оқушыларға арналған кітаптармен дос болып, балалар басылымдарын о қ ы п ө с т і к . « Б а л д ы р ғ а н » , «Ақжелкен», «Ұлан» деген газет- журналдар қолымыздан түспейтін. Ол кезде оқушылардың көпшілігі осы журналдарды оқитын. Ал мен аталған республикалық басылымдарға мақала, өлең жолдап тұрушы едім. Жазғандарымның жартысы шығып тұратын. Болашақта журналист болсам, қаламды қолыма қару етсем деген арманым да болған.

Өмірдің өз соқпағы болатыны рас. Бүгінгі таңда білім саласында еңбек етіп жүрмін. Шалғай ауылдың келінімін, орта мектептің директорымын. Әлі де менің байлығым– газет-журналдар, кітаптар. Айтайын дегенім, біздің ауыл Тараз қаласынан 170, Қаратау қаласынан 120 шақырым қашық. Біздің мектепке газет-журнал 4-5 күн кешігіп келеді. Бұл жолдың қашықтығы ма, пошта қызметкерлерінің салғырттығы ма, білмедім. Кейде жинап-жинап бір-ақ әкеліп тастайды. Мектепте жетпіске жуық адам еңбек етеді. Бәрі де баспасөзге жазылуға ниетті. Бірақ «Уақтылы келсе екен, жаңалықтарды дер кезінде білсек екен» деген тілектері бар. Біздің шалғайдағы мектебімізге ауылымыздан шыққан танымал азаматтар, мектеп түлектері Әлібек Әмзеев, Тахир Балықбаев, Диас Шардарбеков, Досымхан Аралбаев көмектесіп, қолұшын созып тұрады. Мектебіміздің көрсеткіші жаман емес. 33 жылдан бері ұстаз, география -биология пәнінің мұғалімі Роза Кентай, директордың орынбасары Халима Жұмабекова секілді білікті мамандардың белсенділігі – өзгеге үлгі. Мектебіміздің шәкірттері Аяулым Білтен мен Әсел Төлепберген Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиададан І орын иегерлері атанып отыр. Бұл облыс орталығынан шалғайда жатқан ауыл мектебі үшін үлкен жеңіс. Тағы бір шәкірті Аружан Шайдікерімова «Ұлы Дала елі» Республикалық этномәдени Форумына белсене қатысса, аудандық Пәндік олимпиададан Мереке Қыдырбай жүлдемен оралды. Мұнан өзге де жетістіктерге жете береріміз анық. Біздің мектеп ұжымы биыл 25 дана «Aq jol» газетіне жазылды. Себебі, ұлт газеті «Егемен Қазақстан», облыстық «Aq jol», әр ауданның аудандық газеттері әр шаңырақта болуы тиіс деп есептеймін. Өзге басылымдарға да жазылып жүрміз. «Aq jol»-дың айтары – анық, мақалалары – қанық. Түрлі тақырыптарды терең қозғай білгендеріңіз, елдің көкейіндегі мәселелерді көтергендеріңіз ұнайды. О қ ы р м а н х ат т а р ы н д а б е р і п , көпшіліктің үніне де құлақ асып жүрсіздер.

Айтайын дегенім, біз мұғалімдер, баспасөзге жазылуын жазыламыз. Рухани байлық бізге өте керек. Бір өтінішіміз, газет-журнал мүмкін болса, ауылдарға кешіктірілмей, уақтылы жетсе екен. Себебі, әлеуметтік желі, ғаламтор жайлаған заманда да ең негізгі байлық газет-журналдың орны бөлек. Біз әр басылымды асыға күтеміз!

Жылжанат ЖАНТАЙБЕКОВА,

Жамбыл орта мектебінің директоры.

Талас ауданы.

Comments are closed.