Жаңалықтар

«Қазақстан мәслихаттарының Құрметтi депутаты» төсбелгісі табысталды

«Қазақстан мәслихаттарының Құрметтi депутаты» төсбелгісі табысталды

Бүгін Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков және Жамбыл облыстық мәслихаттар бірлестігінің төрағасы Архабек Төлебаев 5-6 шақырылымның облыстық мәслихатының депутаты Масат Берікке «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан мәслихаттарының Құрметтi депутаты» төсбелгісін табыстады. «Қазақстан мәслихаттарының Құрметтi депутаты» төсбелгісі — Берік Масат Әшімұлының  белсенді депутаттық қызметінің, өкілді биліктің тарихы мен дәстүрін сақтауға және жетілдіруге, сондай-ақ Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.