- Advertisement -

Жалақының аздығынан жастар тұрақтамайды

109

- Advertisement -

Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – өнеркәсіп ошақтарының жұмыс процесін тұрақтандыру, еңбек заңнамаларын сақтай отырып кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, ондағы жұмыс орнын қысқартпау. Осы мәселемен облыс əкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы ірі өндіріс ошақтарында болып, олардың басшылығы және бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесулер өткізді.

 

Бердібек Машбекұлы алдымен Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС- ның жұмыс барысымен танысты. Байқағанымыздай қазіргі таңда  кəсіпорынның ауласы құрылыс алаңына айналып үлгеріпті. Алдағы уақытта зауыт өнімін екі есеге арттыруды мақсат тұтқан басшылық оның екінші кезеңдегі құрылыс жұмыстарын өткен жылы бастап кеткен еді. Серіктестік директоры Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, құрылысқа қажетті құрылыс заттар Ресейден тасымалдануда. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлауда. Сөйтіп, өнім көлемін былтырғыға қарағанда жыл соңына дейін екі есеге арттырмақ ниетте.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев осыдан кейін серіктестіктің мəжіліс залында кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті.

– «Қазфосфат» ЖШС өңіріміздегі ең үлкен кəсіпорын. Ол облысымыздың 6 мыңнан астам адамын жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ еліміздегі экспортқа шығарылатын өнімнің де 70 пайызын сіздердің кәсіпорын құрайтынын атап өткім келеді. Ал соның ішіндегі біздің өңірді алатын болсақ, экспортқа шығарылған өнімнің 40 пайызы сіздерге тиесілі. Бір сөзбен айтқанда, зауыттың өнімі артса, облыстың да экономикасы көтеріледі. Осында келердің алдында кəсіпорынның аумағында салынып жатқан құрылыс жұмыстарының екінші кезеңімен танысып шықтым. Көп жұмыс атқарылыпты. Оған аз қаражат бөлінбегені анық. Ертең олар іске қосылған жағдайда жаңадан 1000 жұмыс орны ашылмақ. Дегенмен серіктестік өткен жылдың қиын болғанына қарамай барлық кедергілерден шыға алды. Біздің облыстың қоржынына 17,5 миллиард теңге салығын құйды. Жұмысшы санын да қысқартқан жоқ. Алдағы уақытта да өнім көлемін төмендетпей, жұмысшыларды қысқартуға жол бермей жұмыс істейді деген сенімдемін, – деді Бердібек Машбекұлы.

Жалпы бұл кəсіпорынның елімізде тыңайтқыштар өндіруде алатын орны ерек. Экспортқа шығарылатын өнімнің басым бөлігі осы кəсіпорынға тиесілі екені де жасырын емес. Бір сөзбен айтқанда, кəсіпорынның қай жағынан алса да ауыз толтырып айтарлықтай жетістігі көп. Жиында «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров кәсіпорынның жетістіктерімен қатар бірқатар проблемалық мәселелерге де тоқталған еді. Атап айтсақ, біріншісі сүт мəселесі. Серіктестік жұмысшыларына айына кәсіпкерлерден 30 тонна сүт сатып алады. Ал бүгінгі таңда сүттің бағасы біршама өсіп кеткен. Серіктестік басшысы оны мал өнімін өндірушілер негізсіз көтеріп отыр деп санайды. Сол үшін облыс әкіміне облыстағы мал өнімдерін шығарумен айналысатын бір шаруа қожалығын өз кəсіпорнына бекітіп беруді сұрады. Маман тапшылығы да назардан тыс қалмады. Колледждерде білім алған, өздері дайындаған жастардың жұмыс істеуге құлықсыздығы да айтылды. Сонымен бірге Тараз қаласындағы қоғамдық көліктердің азайғаны, зауытқа дейін жаяу жүргінші жолының салынбағаны, көшелердің жарықтандырылмағаны, басқа да мәселелерге тоқталып өтті.

Бұдан кейін кəсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақтыбай Байғанов сөз алып, ұжым мүшелерінің мұң-мұқтажын жеткізді. Еңбекақының аздығын, демалыс орындарына сауықтыру жолдамасының берілмеуін, сыйақының жоқтығын сөз етті. Жалақының аздығынан жастардың тұрақтамай жатқанын айтып, жұмысшылардың айлығын көтеруді сұрады. Дегенмен осы арада кәсіпорын басшылығы мен бастауыш кәсіподақ арасындағы келіспеушіліктер бары екі тараптың сөзінен ашық аңғарылып тұрды.

«Бастауыш кəсіподақ ұйымының айтып отырғаны орынды. Ол жұмысшылардың өтінішін айтатын, мұңын жеткізетін ұйым. Сол үшін де басшылық пен бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері бір үстел басына жиналып, мәселені жан-жақты талдай отырып, бірлесе шешуге тиіс. Бар мәселе сол кезде шешімін табады», – деп сөзге араласқан Бердібек Машбекұлы, серіктестік басшылығын бастауыш кәсіподақ ұйымымен бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ал жиынның қорытындысында облыс әкімі жұмысшылар санын пандемия ж а ғ д а й ы н д а е ш қ а н д а й қ ы с қ а р т у ғ а болмайтындығын айтып, жиын барысында түскен сұрақтарға жауап берді. Содан кейін компания басшылығы, бастауыш кәсіподақ ұйымы мен облыс әкімдігі арасындағы үш жақты меморандумға қол қойды.

Бұдан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Имстальком» ЖШС-ында болды. Алдымен металлургия зауытының жұмыс барысымен танысты. Ат шаптырым алаңды алып жатқан биік зауыт ғимаратында жүздеген жұмысшы ешқайда мойын бұрмастан жұмыс істеуде. Зауыт директоры Александр Бердниктің айтуынша, өткен жылы тапсырыс көп болыпты. Зауыт өнімі еліміздің көптеген қалаларына жөнелтілген. Жыл басынан тапсырыс алған зауыт жұмысқа қызу кірісіп кеткен. Қазір онда 320 адам еңбек етуде.

М ұ н д а ғ ы о қ у б а з а с ы н д а ө т ке н жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек заңнамаларының сақталу барысы, жұмысшыларды қысқартпау тура лы айтты. Серіктестік директоры өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша баян етті. Алдыңғы серіктестікке қарағанда зауыт басшылығы жұмысшылардың еңбек жалақысын 160 мыңнан асырған. Сыйақы мәселесі де мұнда шешімін тапқан. Зауыт директорын толғандыратын бір мәселе кадр тапшылығы. Ертең зауытта жұмыс істейтін жастар болмай қала ма деген қорқыныш та жоқ емес.

Бұдан кейін зауыттың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әсет Жантаев сөз алып, өндіріс ошағында барлық мәселенің оңынан шешілгенін айтты.

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы кездесу барысында түскен сұрақтарға жауап беріп, жиын қорытындысында серіктестіктің жұмысына табыс тілеп, үш жақты меморандумға қол қойды.

 

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support