Қала тұрғындары велошеруге қатысты
Қала тұрғындары велошеруге қатысты
Елбасының жарлығына орай қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні мерекесі ретінде белгіленген болатын. Аталмыш кәсіби мерекенің аясында қаламызда велошеру ұйымдастырылды. Велошеруге барлық басқармалар мен кәсіпорындардан қызметкерлер қатысты. Бұқаралық спортты дамытуды көздеген бұл іс-шарада ресми қызметкерлерден бөлек қала тұрғындары да бой көрсетті. Олар өз еріктерімен велосипед тебуді жөн көріпті. Велошеруге тіркелген, тіркелмегендерді қоса есептегенде барлығы үш жүзге жуық адам қамтылды. «Мен өз қалауыммен шеруге қатысуды жөн деп білдім. Спорт – денсаулық кепілі екені бәрімізге мәлім. Оның үстіне велосипед тебу арқылы адам бойындағы қан айналымы жақсарады. Тынысың ашылады. Алдағы уақытта да қатыса беремін» дейді велошеруге қатысушы Нұрсұлтан Мұратұлы. Жалпы Еңбек күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара жоғары деңгейде болды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».