- Advertisement -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу

79

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік мүліктерді, қару-жарақтарды және оқ-дәрілерді ұрлаудың алдын алу мен ескертулер бойынша әскери қызметшілерге сұхбаттар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айтулы шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы органдарының 2021 жылғы қаңтар айына арналған негізгі іс-шаралар жоспарының «Қылмыстық қудалау сұрақтары бойынша» 1-ші тармағында көрсетілген талаптары негізінде ұйымдастырылды.

Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің анықтаушы-офицерлері санитарлық талаптарды сақтай отырып, гарнизондағы әскери бөлімдерді аралап, жеке құраммен сұхбаттар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар, әскерде қылмыстық құқық бұзушылық бойынша орын алған оқиғаларды мысалға келтіре отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарын жеке құрамға жеткізді.

«Жеке құрамға қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ескертулер жасап, сұхбаттасу мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрған дұрыс. Біз әскери қызметшілермен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Алдағы уақытта мұндай шаралар оң нәтиже береді деп сенемін», — деді әділет капитаны Азамат Жарымбетов.

 

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support