Салауатты өмір салтын қолдау онкүндігі өтті
Салауатты өмір салтын қолдау онкүндігі өтті
Шараның мақсаты бөлім әскери қызметшілерінің спирттік ішімдіктерді және есірткі тектес заттарды қолданылуына, тамақтану және медициналық, киіммен қамтамасыз ету қызметтерінің бұзылуына жол бермеу. Онкүндік аясында осы тақырыпта тәрбие, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, заң қызметінің офицері әділет лейтенанты Еламан Омарқұлов қызмет уақытында спирттік ішімдік, нашақорлық сынды заттарды қабылдағаны үшін жүктелетін жауапкершіліктер туралы, медицина қызметінің бастығы капитаны Қанат Сарыбаев спирттік ішімдіктердің, шылым мен есірткі тектес заттардың адам ағзасына тигізер зияны туралы айтты. Бөлімнің психологы ұлан майоры Матлюба Рахимова сауалнама өткізіп, әскери қызметшілердің киім-кешекпен, медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі сияқты сұрақтар төңірегінде жауаптар алды. Ал дене даярлығы және спорт қызметінің бастығы ұлан майоры Ғалымжан Тұрғынбаев 3 км қашықтыққа жүгіруді ұйымдастырды. «Әскерде қылмысқа жол жоқ» бағдарламасы әскери және құқықтық тәртіпті нығайтуға, әскери қызметшілердің әкімшілік құқықбұзушылыққа төзімсіздігіне, әскери қызметшінің имиджін нығайтуға және тағы басқа жалпы және арнайы іс-шараларды өткізуге бағытталған жүйелі бағдарлама. Қазіргі таңдағы өткізіліп жатқан онкүндіктер, айлықтар және науқандар арыз-шағым жәшіктерінің, сенім телефондарының әрекет етуі, күнделікті дене тексерістерінің өткізілуі, «Жауынгерлік дос» жүйесі, отбасы құрамымен, автоәуесқойлармен жұмыс, салауатты өмір салтын таңдау, діни терроризм мен экстремизмге жол бермеу тағы сол сияқты осы бағдарламаның жұмысының нәтижесі. 30212 әскери бөлімі ұлан капитаны Гүлназира Самашова