- Advertisement -

Суретке түсеміз деп айыппұл арқалаған

50

- Advertisement -

Семейде маска тақпай суретке түскен қалалық мәслихат депутаттарына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасындағылар мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Семейде маска тақпай суретке түскен депутаттар әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Семейдің мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың айтуынша, депутаттар тек екі рет суретке түскен. Біріншісінде маскамен отырған.

Ведомство басшысы Берік Тілебалдиннің айтуынша, айыппұл санкциялары резонанс тудырған суреттегі барлық адамға салынған.

«Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлға ретінде әркім айыппұл төлеуі керек. Айыппұл сомасы — 30 АЕК, бұл шамамен 85 000 теңге», деді қаланың бас санитар дәрігері.

Депутаттардан басқа, фотода бірнеше шенеунік, оның ішінде қала әкімі Ермак Сәлімов пен оның орынбасары Айдар Садырбаев та бар. Олар да депутаттар сияқты жауапкершілікке тартылды.

Берік Тілебалдин айыппұл төлеуге бір ай берілетінін түсіндірді. Алайда, егер жеті күн ішінде төлесе, айыппұл сомасының жартысын үнемдеуге болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support