- Advertisement -

Әскерлер қызметі әрдайым қырағылықта

71

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өтті.

Әдістемелік сабаққа «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Абай Жолдасов жетекшілік етті. Сондай-ақ, ол әскерлер қызметінде орын алған оқиғаларды мысалға келтіре отырып, жеке құрамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әдістемелік-нұсқаулық сабақтың мақсаты – әскерде диверсияға қарсы қауіпсіздік қызметінің деңгейін көтеруге бағытталды. Әдістемелік сабаққа офицерлер мен сержанттар, сарбаздар құрамы, сондай-ақ қарауылға түсетін тұлғалар қатысты.

Сабақты сапалы өткізу мақсатында бірнеше оқу орындары ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: тәуліктік кезекшілікке түсетін жеке құраммен өткізілетін нұсқаулық пен таралымды өткізу әдісі, бақылау өткізу бекеті арқылы өтетін адамдар мен әскери техникаларды тексеріп кіргізу тәртібі, қаруды сақтау бөлмесінде қаруды сақтау тәртібі және қызмет барысында әкімшілік жауапкершілікке тартылу бойынша қарастырылды. Оқу орындарда әскери бөлім командирлерінің орынбасарлары мен заң қызметінің бастықтары және лауазымды тұлғалар сабақ жетекшісі болды.

«Бүгін біз диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша әдістемелік сабақтар өткіздік. Әскери қызметшілер өздеріне қажетті ақпараттар алды деп ойлаймын. Әскерде қауіпсіздік қызметі әрдайым мықты болуға тиіс. Бұл сабақтар алдағы уақытта жақсы нәтижелер көрсетуге сеп болары сөзсіз»,деді 82796 әскери бөлімінің штаб бастығы – бөлім командирінің бірінші орынбасары гвардия полковнигі Дәкен Жақсыбаев.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support