- Advertisement -

Пандемияның салдарын еңсеру – ең негізгі міндет

98

- Advertisement -

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетінші шақырылған Парламент депутаттарының бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде атап көрсеткендей, дәл қазір әлем елдерін алаңдатып отырған мәселе – пандемияның салдарын еңсеру екені шындық. Коронавирус инфекциясының жаппай таралуының алдын алу мақсатында енгізіліп, қабылданып жатқан шаралар шынтуайтына келгенде, біздің өмір салтымызды өзгертіп қана қойған жоқ, баршамызға ең басты нәрсенің не екенін ұқтырды. Шын мәнісінде, әр адам өзінің және жақындарының денсаулығы үшін жауапты! Осындай жеке жауапкершілік ортақ – елдік мүддеге жұмылдырады. Ал біздің бүгінгі ең негізгі міндетіміз – осы індетке тосқауыл қою, азаматтарымыздың денсаулығын сақтау!

Елімізде індеттің таралуы біраз уақыт біршама бәсеңдегенімен, қазір арқаны кеңге салып, арқа-жарқа болып, бұрынғыдай алаңсыз жүретін кез емес. Коронавирус жұқтырып, емделіп жатқандар әлі де бар. Індет жұқтыру көрсеткіші де күн санап көбейіп келеді. Қазақстан індеттің таралуы бойынша «сары аймаққа» енді. Бұл сақтық шараларын күшейте түсу қажет екенін көрсетеді. Сондықтан, жақындарыңыздың жағдайын ойласаңыз, той-жиынға бармай, қонақ шақырмай қоя тұрған жұрыс. Мейлінше,амандық-саулық сұрасуды, қуанышқа ортақтасуды «онлайн» жүйе арқылы жеткізген жөн.

ХХІ ғасырда әлем өзгеше қарқынмен дамуда. Алысты жақындататын ақпараттық технологиялар бірқатар салалардағы жұмысты жеңілдеткенімен, соғай сай жаңа технологиялардың тілін үйрену, ғылым-білімді меңгеруге деген талап арта түсті. Өркениетке барар жолда өзгеше қадам, табандылық қажет екенін айқын сезіле бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен айтсақ, біз ғана емес, күллі дүние жүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды.

Жетінші шақырылған Парламент депутаттарының бірінші сессиясында Президент: «Өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Алдымызда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайды. Дегенмен, барлығымыздың ең басты міндетіміз – пандемияның салдарын еңсеру. ХХІ ғасырдың жиырма бірінші жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ.Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды», — дей келе отандық медицинаны жаңғырту қажет екенін қадап айтты. Денсаулық сақтау саласына серпін керектігі, басқару және үйлестіру жұмыстарындағы олқылықтар пандемия кезінде анық байқалғанын еске салды.

Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, денсаулық сақтау саласының негізгі жүйесі – тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталуы керек. Емдеу ісін жетілдіруде ең бірінші кезекте, науқастардың шағымы ескерілуі тиіс. Шағым болған жерде шикілік бар, ал оны жасырып-жабудың салдары үлкен олқылыққа әкеліп соғады. Ал заманауи технологияларды емдеу процесінде неғұрлым кеңірек қолдануға мүмкіндік туғызу медициналық көмектің сапасын жақсартуға жол ашады.

Емдеу ісінің нәтижелі болуы ең алдымен білікті дәрігерлерге байланысты екені түсінікті. Сондықтан, мамандардың іс-тәжірибесін арттыру мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Өңірде дәрігерлердің шетелге барып, біліктілігін арттыру мәселесі дұрыс жолға қойылған. Былтыр пандемияға байланысты бұл іс біршама тоқтап қалғанын жасырмаймыз. Әйтсе де, біз осы олқылықтың орнын толтырып, онлайн оқулар ұйымдастыруға күш салдық. Ал індеттің таралуы шырқау шегіне жеткен шілде-тамыз айларында Татарстаннан мамандар шақыртып, инфекционист дәрігерлеріміздің тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыруына жағдай жасадық.

Облыста маман тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін  әр жылы 12 грант бөлініп тұрады. Өңірде жалпы 24 дәрігер резидентурадан өтуде. Былтыр өңірімізге келген 194 жас маманның 76-сы қалаға, 118-і ауылдық жерлерге жұмысқа орналасты. Оның 98-іне әлеуметтік көмек көрсетіліп, 15-і тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Әсет Қалиев,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support