Жүрекке сенім ұялатты

38

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңарған Парламенттің жетінші шақырылымының бірінші сессиясында сөйлеген сөзі жүректерге сенім ұялатқаны сөзсіз деп білемін.

Біріншіден, Мәжіліс депутаттары Тәуелсіздіктің отыз жылдығында тиімді заңдар шығарып, еліміздің дамуына үлкен үлестер қосқаны ләзім болмақ. Ел Президентінің құқықтық мемлекетті дамыту, азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін жұмыла жұмыс атқаруға шақырғаны, реформалардың басты бағытының бірі – саяси жаңғырумен ұштасатынын айтқаны көңілге қонды. Елімізде қабылданып жатқан саяси реформалар, демократиялық үдерістермен сай келіп жатса, халықтың ұтатыны да осы тұс. Қай кезде де билік пен халық ашық диалог орната отырып, барлық мәселені эволюциялық жолмен шешуге күш салса, нұр үстіне нұр болмақ. Президенттің айтқаны да осы.

Мемлекет басшысы одан бөлек ауыл әкімдерін сайлау мәселесін де айтып өтіп, одан кейін аудан әкімдерін сайлау мәселесіне де ден қою қажеттігін тілге тиек етті. Бұл да өзін ақтайтын қадам екені анық.

«…Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады»,-деген Президенттің сөзі де жүректерге жетті деп ойлаймын.

Жалпы алғанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан барлық ойлары өзектілігімен ерекшеленді. Шынында да аз ғана дауыс жетпей, Парламент Мәжілісіне өтпей қалған партиялардың кейбірінде өз саласының білгірлері жүргені рас. Олар да болашақта Мәжіліс мінберінен табылса, еліміздің өркендеуіне атсалысатыны ақиқат. Қысқасы, Прездиенттің құнды ойларының барлығы да әділетті қоғам, өркендеген ел құруға арналып отырғаны рас. Сондықтан да дамудың даңғыл жолына қадам басқан еліміздің болашағы жарқын, Президент бастамалары баянды болсын дегім келеді.

 

Қуандық Шолақ,

 ақын, Халықаралық «Алаш»

әдеби сыйлығының лауреаты.

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.