Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

32

 

Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады:

«16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады – кей жерлерде жауын-шашын болады. Батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте — қар, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Батыста кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі».

Comments are closed.