- Advertisement -

Республикалық жолдар 100 пайыз жөнделеді

59

- Advertisement -

 

VII шақырылымдағы бұл сайлау тарихи кезең – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы үш онжылдық ішінде мемлекеттің бағыт-бағдарын нақтылайтын, даму жолын айқындайтын маңызды шешімдер мен заңдар қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның келбеті адам танымастай өзгеріп, қарқынды ілгерілеу арқасында жаңа дәуірге қадам бастық. Ендігәрі депуттарға жүктелетін міндет бұрынғыдан күрделене түспесе, жеңілдемейтіні анық. Себебі негіз болғанымен, алар асулар әлі көп. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде осыны меңзеді.

Жаңғыру жолын таңдаған Қазақстанның әрбір саласында оңды өзгерістер көрініс тауып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде күшіне енуі керек. Халық мемлекеттің қамқорлығын шынымен сезінуі тиіс, депутаттарға деген сенімді нығайту басты міндеттердің бірі.  Сенім мен құрмет қатар жүреді. Депутаттар үмітті ақтап, қажырлы еңбек етсе, демек елдің сеніміне адал болғаны.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былай деген болатын: «Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды». Мемлекеттің сапалы өмірінің бір көрінісі, әрі Президент айтпақшы, «көзбен көріп, қолмен ұстайтын нәтиженің» айқындалатын тұсы – бұл автокөлік жолдарымен де байланысты. «Өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беріледі. Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», – деп Қасым-Жомарт Кемелұлы көпшіліктің көкейіндегісін дөп баса отырып, осы саланың мамандарына жүктелетін жұмыстың еселене түсетінін аңғартты.  Жол – экономикалық өсімнің құралы, пайдаға асыра білсек, айтарлықтай табыстың көзі. Меже орындалып, республикалық жолдар түгелімен тақтайдай тегістелсе, қозғалыс қауіпсіздігі артып, халықтың уақытын үнемдеп, нағыз ауыз толтырып айтарлық нәтиже деген осы болмақ.

Өмірзақ Ерембаев,

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалының директоры.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support