«Әр адамның дауысы маңызды»

13

 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады. Өңір басшысы Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Кіре берісте дәрігерлер дене қызуын өлшеп, қолдарын антисептикпен шайды. Сайлау учаскесіне бетпердесіз кіруге қатаң тыйым салынған. Жұбайымен бірге дауыс беріп, бюллетеньді жәшікке тастаған аймақ басшысы сондағы түрлі партиялар байқаушыларымен әңгімелесіп, сайлау барысы туралы сұрады. Сондай-ақ журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Әр адамның дауысы маңызды және елдің қай бағытта жүретіні соған байланысты. Мен барлық жамбылдықтарды сайлау құқығын пайдалануға, қоғамдық және саяси процестерден қалыс қалмауға шақырамын. Сайлау учаскелері сайлау комиссиялары мен тәуелсіз байқаушылардың жұмысына керек барлық қажеттілікпен жабдықталған. Дауыс беру құпиясы мен таңдау еркіндігі қатаң сақталады, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Comments are closed.