- Advertisement -

Ғасырлық тарихы бар мектеп жаңа ғимаратқа көшті

160

- Advertisement -

Жыл айрығындағы жағымды жаңалықтың бірі Тараз қаласындағы №4 орта мектептің жаңа ғимаратының ашылып, пайдалануға берілгені болды. Жүз жылдық тарихы бар білім ошағының оқушылары енді  сәулетіне сән-салтанаты сай мектепте оқиды.

– Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сай бой көтерген 150 орындық N4 орта мектептің құрылысына 600 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл енді ұстаздар мен оқушылардың қуаныштарын еселейді деген сенімдемін. Біз ескі жылды осындай жағымды жаңалықпен түйіндеп отырмыз, – деді мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев.

Былтыр облыс орталығындағы №4 орта мектеп өзінің жүз жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Бір ғасырда осы білім ордасынан талай шәкірт білім алды. Олардың арасында бүгінде ел экономикасын еселеуге елеулі үлес қосып жүрген азаматтар да бар. «Мектептің жаңа ғимаратының сәулеті келісті, еңселі, алыстан көз тартады. Бәрінен бұрын пән кабинеттерінің бәрі заманауи жабдықтармен жабдықталғаны қуантады. Балаларға білім беретін педагогикалық құрамы да өте мықты», – дейді облыстық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Бахром Муминов.

Мектептің бұрынғы директоры Болтыхожа Ишанханов та білім ошағының жаңа келбеті уақыт талабына сай болғанын айтады. «Білім беру үдерісі заман көшінен қалмауы тиіс. Сондықтан мен осындай керемет жағдайда білім алатын мүмкіндігі бар балаларымыз үшін өте қуаныштымын», – деп ағынан жарылды  ол.

Жалпы былтыр өңірде 15 жаңа мектептің құрылысы басталып, 7-еуі пайдалануға берілген болатын. Сондай-ақ 43 білім ошағы күрделі жөндеуден өткізілгенін де айта кеткен жөн.

Камила БОРАШОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support