- Advertisement -

КЕДЕНДЕ ЕНДІ КЕДЕРГІ БОЛМАЙДЫ

30

- Advertisement -

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Қордай» өткізу пунктін кеңейту және қайта құру жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Бір жыл ішінде көптеген жұмыс атқарылған. Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол», ал бас мердігер – «ДорСтрой» ЖШС. Құны 5,2 миллиард теңгені құрайтын қайта құру жұмыстарының басты артықшылығы ретінде «Рапискан» жеке инспекциялық кешендерінің пайда болуын айтуға болады. Оны жоғары технологиялық сканерлер деп те атайды. Олардың саны – 9. Олардың біреуі ірі көлік құралдарын сканерлеуге арналса, қалған шағын сегізі жеке адамдар үшін.  Құрылғылар шекарадан жаяу өтушілер үшін галереямен байланысқан А және В екі блокта орналасқан. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық қондырғылар жабдықталып, аумағы абаттандырылған.

– Тексеру кешендерінің жеткілікті болуы пункт жұмысы кезінде  аса маңызды болып табылады, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Сондай-ақ кірме жолдар екі бағыт бойынша сегіз жолақ болып кеңейтілді. Маусым ішінде «Қордай» пункті арқылы 35 мыңға дейін адам өтеді. Мұндағы қызметкерлер жүйенің мұндай ағымына дайын екендігіне сенімді.

– Жұмыстың барлық бағыт-тарында халықаралық стандарттарға ұмтылу қажет. Мен инвестор тартып, автотұрақтың орнына заманауи логистикалық орталық салуды ұсынамын. Жертөле қабатында автотұрақ, бірінші қабатта күту залы, екіншісінде кафе, валюта айырбастау пункттері, кәдесый дүкендері және тағы басқаларын орналастыруға болады, – деп министр Б.Атамқұлов бастама көтерді.

Бердібек Сапарбаев бұл ұсынысты қолдады. Жұмыстар осы бағытта жүргізілмек.

Жаңартылған өткізу пунктімен танысу барысында Меркі-Шу-Бурылбайтал автомобиль жолының құрылысы туралы есептер тыңдалды. Қытайлық «China Xinxing Cjrporation Group» компаниясы өкілінің айтуынша, олар келер жылы жолдың 95 шақырымдық бөлігін аяқтамақ. Жұмыстың қарқынын арттыру үшін жолшылар тағы бір асфальт-бетон зауытын іске қоспақ.

Бейбіт Атамқұлов 11 көпір мен жол өткелінің құрылысына ерекше назар аударуға шақырды.

Тағы бір мердігер «АБК-Автодор НС» ЖШС-да бағыттың 167 шақырымын құрайтын құрылыс және жол жұмыстарының барысы туралы хабарлады.

Облыс әкімі компанияларға жергілікті тұрғындарға, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрақты түрде көмек көрсетуді ұсынды. Сондай-ақ аталған жол толықтай жарықтандырылып, малға арналған өткелдердің қажетті санымен қамтылу қажеттілігіне көңіл бөлгізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support