- Advertisement -

Жемқорлықсыз — әскер

110

- Advertisement -

Қазіргі таңда Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға ерекше назар аударылуда. Гвардейск гарнизонында сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында алдын алу іс-шаралары жиі өткізіліп тұрады.

Жуырда гарнизонда Әскери прокуратурамен бірлесе отырып, Әскери полиция бөлімінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аға офицерінің міндетін уақытша атқарушы әділет аға лейтенанты Ербол Сахаев гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің лауазымды тұлғаларымен «Әскер – сыбайлас жемқорлықсыз» атты он күндігі аясында алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш іс-шарада санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескеріліп, арақашықтық сақталды.

Жиынға әскери бөлім командирлері, мекеме бастықтары және олардың орынбасарлары сондай-ақ, бірнеше офицерлер мен сержанттар құрамы қатысты. Шара барысында жеке құрамға Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық бойынша жасалған құқық бұзушылық фактілері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары жеткізілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары талқыланып, талдау жасалды.

 

Майор Жомарт Тажиханов, Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support