Жаңалықтар

Жемқорлықсыз - әскер

Жемқорлықсыз - әскер

Қазіргі таңда Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға ерекше назар аударылуда. Гвардейск гарнизонында сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында алдын алу іс-шаралары жиі өткізіліп тұрады. width=

Жуырда гарнизонда Әскери прокуратурамен бірлесе отырып, Әскери полиция бөлімінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аға офицерінің міндетін уақытша атқарушы әділет аға лейтенанты Ербол Сахаев гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің лауазымды тұлғаларымен «Әскер – сыбайлас жемқорлықсыз» атты он күндігі аясында алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш іс-шарада санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескеріліп, арақашықтық сақталды. Жиынға әскери бөлім командирлері, мекеме бастықтары және олардың орынбасарлары сондай-ақ, бірнеше офицерлер мен сержанттар құрамы қатысты. Шара барысында жеке құрамға Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық бойынша жасалған құқық бұзушылық фактілері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары жеткізілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары талқыланып, талдау жасалды.   Майор Жомарт Тажиханов, Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы