Тәуелсіздік күні – ұлттық мереке

119

 

Биыл ата-бабамыз армандап жеткен Тәуелсіздігімізге 29 жыл толды. Айтулы мерекеге орай Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде салтанатты митинг өтті.

 

Мерекелік митинг Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды. Қатысушы жеке құрам санитарлық талаптарды орындап, арақашықтық сақтады. Салтанатты шараға Ауған соғысының ардагерлері қатысып, құттықтау сөздер айтты. Сондай-ақ, әскери бөлімдерде «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған көрме ұйымдастырылды. Айтулы мерекеде әскери қызметшілер мен ҚК қызметкерлеріне алғыс жарияланып, үздіктерге грамоталар табыс етілді.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінде Тәуелсіздік күніне арналған онлайн форматта өткен салтанатты шарада Қарулы Күштердің «Әскер тарланы» атты жыл сайынғы байқаудың қорытындысы бойынша өз мамандықтарымен үздік танылған 82796 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Біржан Азмухаметов «Үздік тәрбиеші офицер» номинациясы бойынша үздік атанды. 21450 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальоны 1 ротасының 2 взвод сержанты сержант Тахир Гильманов «Темір тұлпар сардары» номинациясы бойынша естелік мүсінмен, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

Гвардейск гарнизоны

 баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.