Шу
Шу
Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е. Құралбаев аудан жастарының жай-күйімен танысты. Ақсу ауылдық округінде, «Алмас» гуманитарлық-техникалық колледжі мен №10 Шу колледжінің білімгерлерімен кездесу барысында жастардың проблемалары кеңінен сөз болды. Осында «Серпін-2050» және «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жастар өмірінде алатын рөлі пікірталасқа өзек болды.