Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті V пленумы болып өтті. Пленумда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов ардагер ұйымы жайлы баяндама жасады. Онда сөз алған Түймекент ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Бозай, ардагер-ұстаз Ермахан қажы Бердалы, аудандық «Жастар орталығының» директоры Е. Мадияров, Көптерек округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Ермаханбетов аудан өміріндегі көкейкесті мәселелерді ортаға салды.