- Advertisement -

Жас сарбаздар әскерге бейімделуде

91

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты оқу орталығында жас толымдар – сарбаздар атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындады.

Қазіргі таңда 30212 әскери бөлімінің жас сарбаздары әскери қызметке бейімделу кезеңінен өтуде. Олар жоспарға сәйкес атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындады.

Іс жүзінде атыс даярлығы сабағында карантин талаптары ескеріліп, арақашықтық сақталды. Атыс қаруынан бастапқы жаттығуы қауіпсіздік шаралары сақталып, ұйымдастырылып өткізілді.

Жас сарбаздар қарудың құрылымын және бастапқы жаттығу мен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жатқа меңгерді. Сондай-ақ, атыс даярлығы сабағы барысында практикалық оқу орнынан бөлек оқу нүктелерінде атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және тағы басқа нормативтерді орындады.

«Біз бүгін алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Бұл күн мен үшін ұмытылмас есте қалатын күн. Мен, жаттығуды орындау барысында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Офицерлер мен сержанттар бізге қаруды қолданудың әдістерін үйретті. Оларға үлкен рахмет. Мен, Отан алдындағы борышымды өтеуге әскерге келгеніме өте қуаныштымын», — деді жас сарбаз Болат Жасұлан.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support