- Advertisement -

Автокөліктердің жағдайы тексерілді

229

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 22326 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің жеке автокөліктері тексерілді.

Алдын алу іс-шарасы әскери бөлімі автомобиль қызметінің ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараны көліктің техникалық ақаулары мен оның қыс мезгіліне дайындық жағдайын анықтау, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жүргізді.

Шара барысында автокөліктердің техникалық жағдайын, жарық көздерінің жұмыс істеуін, талапқа сай тиісті заттары мен қысқы дөңгелектерін, медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығын тексерді.

Тексеріс соңында әскери бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Ахмет Үсенов, жеке автокөлік иелеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша талаптар қойып, оларға нұсқау жүргізді.

«Қадағалау, бақылау, тексеру, талап ету – әскери қызметшілерді жауапкершілікке тәрбиелейді. Бүгін өткен іс-шараның мақсаты жол көлік оқиғаларын болдырмауға бағытталды. Біз осындай алдын алу сақтық шараларын жиі өткіземіз», — деді капитан Бақытжан Сихимов.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support