- Advertisement -

Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» әскери қалашығында 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді

75

- Advertisement -

Аягөз гарнизоны «Оңтүстік» әскери қалашығының әскери қызметшілері мен отбасы мүшелеріне жөндеуден өткен 60 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Бұл көп әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесін шешуге, оларға әскери қызметті атқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жаңа пәтерлер толықтай ішкі әрлеу жұмыстарынан өтті. Оларға электр плиталары, су жылытқыштар және киім-кешек шкафтары қойылған. Өрт дабылы қосылып, электр энергиясы мен су есептегіш құралдары орнатылған. Үй отқа төзімді материалмен қапталған. Аулаға асфальт төселіп, онда балалар ойын алаңы мен жаттықтыру құралдары орнатылған спорт алаңы жабдықталған.

Әскери қалашықтың көптеген тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-90 жылдары салынған. Күрделі жөндеу нәтижесінде барлық үй жаңа кейіпке ие болып, өмір сүруге қолайлы әрі жайлы қалыпқа енді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support