Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

Қыркүйек-желтоқсан айы аралығында өтетін «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Серік Жүнісбеков шара барысында пәтерлер мен үйлер бойынша әкімшілік учаскелер, азаматтық қаруды сақтау тәртібі мен ІІО есебінде тұратын адамдар мекен-жайы бойынша тексерілетіндігін айтады. Сонымен қатар, биыл Үкімет қаулысымен бекітілген талапқа сай саяжай алқаптары, құрылыс нысандары оның ішінде қараусыз қалған нысандар тексеріліп, тиісті тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысатындар, жалға берілетін үйлер анықталып, тізімі құрылмақ.