Әлеумет

«ақ жол» – халықтың үні

«ақ жол» – халықтың үні

Қайырбек Асанов, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.

Мамандығым журналист болған соң ба, күнделікті газет-журналдарды қолға алып, бір қарап шықпасам, көңілім көншімейтін сияқты. Өйткені өмір сүріп отырған ортаңның тыныс-тіршілігін сезініп, Тәуелсіз мемлекетіміздің әлемдік даму үрдісіндегі бағыт-бағдарын аңғарып, қандай жетістіктерге қол жеткізіп келеміз немесе нендей кемшіліктеріміз бар деген мәселелермен құлағдар болып отыру әрбір қазақтың парызы болуы керек. Әрине, бүгінгі өркениетті заманда жаңалықтар тарататын ақпараттар көзі көп екені белгілі. Бірақ күнделікті шығатын газеттің жөні бір бөлек. Жыл сайын республикалық басылымдармен қатар, облыс өңірінен шығатын газет-журналдарды да үзбей оқып отырамын. Сондай сүйікті газетімнің бірі – «Ақ жол» екенін мақтанышпен айта аламын. Әсіресе, газет талантты жазушы, қаламы жүйрік журналист Көсемәлі Сәттібайұлы басшылыққа келгелі өз оқырманына ерекше қуаныш сыйлады деп айтуға болады. Мысалы, газеттің мазмұны мен сапасы, тақырып қоюдағы ұтқырлығы, оқырман ойындағы көкейкесті ой-пікірлерін жаңа айдар төңірегінде топтастырып беруі, әрбір материалдың көркемдік дәрежесі мен оның аса шеберлікпен безендірілуі басылымды бұрынғыдан да бетер айшықты және мазмұнды ете түскендей. Алдағы уақытта да осы бағытын берік ұстанса, барлық оқырмандарының сүйіктісіне айналатынына сенімдімін. Сондықтан облыс көлеміндегі тыныс- тіршілікпен уақтылы хабардар боламын десеңіздер, «Ақ жол» газетіне жазылуды ұмытпаңыздар!