Әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайлары тексерілді
Әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайлары тексерілді
Қызметте жақсы жұмыс атқару отбасындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың жақсы болуына да байланысты. Отбасындағы жағдай әскери қызметке әсер ететіні сөзсіз. 82796 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі жетекшісінің міндетін уақытша атқарушы ҚК қызметкері Айгүл Таубалдиева мен отбасылармен жұмысты ұйымдастыру секторы гвардия ефрейторы Әсел Сейдалиева санитарлық талаптарды сақтай отырып, басы бос жастар, отбасы құрған жас офицерлермен және сержанттардың үйлеріне барып, тұрмыстық жағдайларын біліп қайтты. Сондай-ақ, проблемалық сұрақтарын анықтау мақсатында, олармен сұхбат жұмыстарын жүргізді. Жатақханаларда пәтерлермен қамтамасыз етілген Құрлық әскерлерінің әскери институтын 2020 жылы бітірген жас лейтенанттардың тұрмыстық жағдайлары да тексерілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында әскери қызметшілердің арасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың үйлеріне барып, қал-жағдайларын сұрады. «Негізі біз жақында ғана үйленіп, тұрмыс құрдық, жағдайымыз жақсы. Жолдасымның басшылық құрамына алғысымды білдіремін. Өз қарамағындағы қызметшілердің тұрмыстық жағдайын қадағалап, біз секілді жас отбасылардың жағдайын сұрағаны мені қатты қуантты. Сіздерге көп-көп рахмет!», - дейді жас лейтенант Байман Құдайбергеновтың жұбайы Мунира Балметова. Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов